«Әуелі даладағы құмды санап шығыныз, содан соң бізді қазақтарды есепке алыңыз»

Вамбери Армени (1832-
1913) венгер ғалымы, түрік
тілдерің зерттеуші, этнограф. Ол 1863 жылы
Хиуадан Бұхараға саяхатында қазақ әйелінен : Қазақтар неге
бір орыннан екінші орынға
көшіп- қонады- деп сұрағанда, қазақ әйелі:
— Молда, біз сіз сияқты
жалқау емеспіз!
Бізге күн ұзақ бір орында
тырп етпей отыра беру
лайық емес! Адам қозғалып, жылжып отыруға міндетті; себебі неде дерсіз, өзіңіз ойланызшы: жер, ай, су,
жұлдыздар,айуан, құстар,
балықтар бәр қозғалыста
да, тек өлік тәрізді жер
орнында қала береді»- деп
жауап береді.
— Қазақтың саны қанша
дегенде, үнемі күлкісімен қосарлап былай деді:
— «Әуелі даладағы құмды санап шығыныз, содан соң
бізді қазақтарды есепке
алыңыз».
Өздерінің санының қанша
екендігін білмейтін қазақтар , үзілді- кесілді
жауап орнына жақсы әзілмен ойындағысын осылай білдірген.
Ғалым сұрағына қайтарылған бұл жауап
кімді болса да таңқалдырғандай.
Себебі — сауаты жоқ қазақ
әйелінің өз ойын орынды да ойластыра, сәнді де,
мәнді де салиқалы
сабақтастыруы.
Бұл аталарымызбен қатар
аналарымыздың да сөзге
шешен, тапқырлығы десем
асыра сілтемегендік болар
деп ойлаймын!
Ал ғалым сырттан: Бөрі, бөрі — деген айқай естіліп,
сөйлесуге мүмкіндік болмады — деп өкінген екен.

Райхан Матай