Жемістерді жіберіп қана қоймай…
«Алла Тағалам, берген нығметтер үшін саған мыңдаған шүкірлер болсын!»,-дейді екен. Әйелдің осы әдеті ұнамаған көршісі терезесінен:
«Алла жоқ, ақмақ! Алла жоқ!»,- деп айқайлайды.
Иманды әйел көршісіне қанша ренжісе де, күнделікті дұғасын тастамайды. Көршісі да қырсықтанып «Алла жоқ»,- деп айқайлай береді.
Бір күні әйелдің айтқандарынан шаршап кеткен көршісі бір қулық ойластырады. Базардан әртүрлі жеміс-жидетерді алып, күн батқанда иманды әйелдің есігі алдына қояды. Таң атысымен әдеттегідей есік алдына шыққан әйел жемістерді көре салып:
«Мыңдаған шүкірлер болсын, я Алла! Жіберген жемістеріне шүкірлер болсын!»,- дейді.
Ағыштың артында оны аңдып тұрған көршісі бар ызысымен:
«Ақымақ! Ол жемістерді мен сатып алдым! Алла жоқ демедім бе саған!»,-деп айқайлайды. Оны естіген әйел:
«Құдірет иесі Алла! Саған қанша шүкір етсем де аз! Осы жемістерді жіберіп қана қоймай, ақшасын да шайтанға төлеткіздің!»,-дейді…