АССИСТЕНТТЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРМЕТТІ ХАТШЫСЫНА ДЕЙІН

Павлодарда Торайғыров Университетінде техника ғылымдарының кандидаты, профессор Раиса Мұстафинаның мерейтойы аталып өтілді.

Раиса Мұстафина бұл білім ордасына 1967 жылы түскен. Ол кезде оқу орын Павлодар индустриалды институты деп аталынатын. Ол «Қалалар, өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен қамту» мамандығы бойынша білім алды.

— Оқу орнына түскен кезде индустриалды инстутттың ашылғанына жеті жыл болды. Біз оқу орнының аяққа тұрып жатқанын сездік. Оқытушыларымыз жоғары білікті кәсіби мамандар болды. Олардың басым бөлігі Одақтың үздік оқу орындарын тәмамдаған. Кейін Мәскеу Авиация Институтының аспирантурасында оқып жүргенде маған алған білімім аз болғандай күй кештім, – дейді Раиса Мұхаметжарқызы.

Р. Мұстафина электроника кафедрасының ассистентінен ғылыми кеңестің құрметті хатшысы, кәсіби одақтың төрайымы және ПМУ ардагерлер кеңесінің төрайымы қызметтеріне ие болды.

«Мен өз студенттерімді мақтан етемін. Олар менен кем түспес, тіпті, асып түсті. Бұл — зор қуаныш», – дейді Р. Мұстафина.