Павлодарда МӘМС жүйесін енгізуге дайындық мәселесі талқыланды
Өңірілк қоғамдық кеңестің отырысында 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшу бойынша дайындық мәселесі талқыланды.
Облыстық денсаулық сақтау бсқармасы басшысының м.а. Ардақ Күзековтің айтуынша дайындық жұмыстары толықтай аяқталды. Өңірде тұратын 789 мыңнан астам адамдардың электронды денсаулық төлқұжаттары әзірленіп, 9,2 мың медициналық қызметкерлер ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу курстарынан өтті. Қазіргі кезде дәрігерлер тек 10 мың адам бойынша деректерді нақтылауы қажет.
— Қазіргі кезде барлық медициналық мекемеде Интернет бар, 4312 жұмыс орны компьютерлермен жабдықталған, — деді облыстың бас дәрігері. – Бүгінгі таңда міндетті медициналық сақтандыру бойынша біздің өңірге 10,8 млрд теңге түсті.
Облыстық қоғамдық кеңестің әлеуметтік-мәдени даму комиссиясының төрайымы Гүлбарам Наурызбаева «Апекс Консалт» ЖШС-і жүргізген сауаланманың нәтижесінде облыс тұрғындарының МӘМС туралы ақпарат білуі 92,9%-ы құрады. Жаңа жүйені оң қабылдаған адамдардың пайыздық көрсеткіші — 61,4%.
— Қоғамдық кеңестің мүшелері МӘМС енгізуге даярлық және тұрғындардың реформаға деген көзқарастарын анықтау мақсатында барлық аудандар мен қалаларда мониторинг жүргізді, — деді Гүлбарам Наурызбаева. – Біз емханалар мен ауруханалардағы адамдардан 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесі енетінін біле ме деп сұрадық. Көпшілігі жаңа жүйе, кім және қалай сақтандыру қорына жарна аударатыны туралы біледі екен.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та сұхбат алаңына қатысты. Ол жергілікті атқарушы органдар медициналық мекемелердің МӘМС шеңберіндегі жұмысын бақылауға алулары қажет екендігін атап өтті.
— 1-ші қаңтардан 15-ші қаңтарға дейін қызу жұмыс болады, — деді аймақ басшысы. – Біз бұған дайынбыз. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің жайлылығын қамтамасыз ету үшін тікелей желі жұмыс істейтін болады. Қаңтар айы бойы бұл жұмысты бақылауда ұстаймыз.
Әлихан Рахметоллаұлы