«Көлеңкелі» экономиканың зияны шаш етектен
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кономикалық тергеу қызметі БАҚ өкілдеріне өңірдегі кономикалық қылмыстар саласындағы жалпы криминогендік ауалмен танысуға мүмкіндік берді. Осы мақсатпен облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ақылбеков өткен алты ай ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі айтып беріп, арнайы түсірілген бейнероликтерді көрсетті. Әңгіме төркініне үңілсек, 16 жылдың 6 айында департаменттің экономикалық тергеу қызметі кономикалық қылмыстардың және «көлеңкелі» кономика саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үзбей жүргізіп келген. Осы жұмыс өз нәтижесін беріп, 11 экономикалық қылмыстың беті ашылған. Қазіргі кезде 1 қылмыс бойынша іс аяқталып, 9 қылмыстық іс соттың қарауына жолданса, 8 қылмыс бойынша адамдар ақталып шыққан. Оған себеп болған жағдай қылмысқа барған адамдар өз кінәларын толық мойындап, келтірілген залалдың орнын толтырғандығы еді. 16 жылдың бірінші жартыжылдығындағы анықталған қылмыстық істердің келтірген зияны , млрд. теңгені құраған, оның , млрд. теңгесі мемлекет есе біне өз еріктерімен қайтарылса, 1,1 млрд. теңгенің мүлкі тәркіленген.
Жалған кәсіпкерлік жарға жығады
Бүгінгі күні еліміздің экономикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыстардың бірі — жалған кәсіпкерлік. Осы қылмыс түрімен күрес саласында өңірде өткен алты ай ішінде 266 қылмыс тіркеліп, 172 қылмыстық іс сотқа жолданған. 2015 жылдың қорытындысын сараптайтын болсақ, облыс аумағында жалған кәсіпкерлік бойынша 218 қылмыс тіркеліп, 11 қылмыстық топ банктерден жалған атқарылған жұмыстары үшін қолма-қол ақша алу кезінде ұсталған болатын. Алайда оңай олжа табуға құмар адамдардың саны азаяр емес. Үстіміздегі жылы да «ауадан» ақша жасап жүрген 10 қылмыстық топ әшкерленді. Мысалы, Мұзапаров деген азаматтың басшылығымен қылмыстық топ 2008-2015 жылдар аралығында кәсіпкерлікке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын 70 коммерциялық ұйымдарды тіркеуден өткізіп, кәсіпкерлерге салық төлеуден жалтаруға көмектесіп кел ген. Осы «қызметі» үшін жалтарған соманың 4 пайызын «сыйақы» ретінде алып отырған. Қаншалықты «қулықпен» оңай олжа тауып келсе де, бір сәтте сүрініп, екінші деңгейлі банктердің бірінен 65,3 млн. теңгені қолма-қол алып жатқан кезінде бұл топ құрықталды.
Сегіз жыл бойы Мұзапаров деген бір алаяқтың кесірінен болған залалды есептеу үшін 71 экономикалық сараптама жасалып, мемлекеттік бюджет 12,5 млрд. теңге салықтан қағылғаны анықталды. Бұл қылмыстық іс бойынша басты айыпталушының мүлкі тәркіленді. Алматы қаласындағы пәтерлері, кешен ді бизнесі, екі жеңіл көлігі және тағы басқа мүлкі келтірілген зиянның орнын толтыру үшін аукционда сатылмақшы. Осы топтың 11 мүшесіне де айып тағылып, қылмыстық іс сотта қаралуға жіберілді.
Заңсыз өнімдер саны азаяр емес
Жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылған пысықтардың ашкөздігі соншалық, астыр тын цехтарда шығарған сапасыз алкогольдік өнімді пайдаланған адамның ағзасына қауіп төндіретіні ойларына да кіріп шықпайтын көрінеді. Өткен мерзімде 40 жалған алкогольдік өнім шығару фактісі тіркелген, оның 21-і қаралу үшін сотқа жолданған. Өңірде талапқа сай келмейтін алкогольдік өнім шығарып келген 5 астыртын цехтың жұмысы тоқтатылды.
— Жеке үйлердің санитарлық талап тан жұрдай қораларында қолдан жасап шығарылып жатқан ішімдік өнімдерін, әрине, дүкендер арзан бағамен сатып алады. Алай да ол өте зиянды, ішкен адам ағзасы ауруға ұшырап, жарық дүниеден көшіп кетуі де мүмкін, — дейді департамент басшысының орынбасары Дәулет Ертайұлы. — Осы мерзім ішінде «көлеңкелі» айналымнан 70 000 жалған алкогольдік өнім және 1000-нан аса жалған акциздік маркалар тәркіленді.
Иә, оңай жолмен табыс тапқысы келе тіндер саны азаймай тұр. Облыстың Іле ауданының бір тұрғынының үстінен астыр тын цехта жалған спирттік өнімдер жасап сатқаны үшін қылмыстық қозғалып, ісі сотта қаралып, 2,6 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды. Ол өзінің астыртын лас цехында 400-ден астам қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді сатуға дайындап қойған кезінде әшкереленді. Осы лайша жүздеген тұрғынның ағзасына қауіп төндіретін тәркіленген өнімдер сот үкімімен жойылды. Ал осындай астыртын цехтардың қанша екенін әлі күнге ешкім білмейді.
Мұнайдың маңында да өнімдердің заңсыз айналымы фактісі бойынша 12 қылмыс тіркелген, оның 5-уы цехтар. Мысалы, Іле ауданындағы «аңғар» мұнай қоймасында мұнай өнімдері заңсыз, қандай да болса ілеспе құжатсыз сақталып келген. Тексеру барысында 7000 литр дизельдік жанармай бар екені анықталған. Осы фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ебін тапқанға темекі де қып-қызыл пайда әкелетін өнім көрінеді. кономикалық тер геу қызметінің тергеушілері акциздік маркасыз сатылымда жүрген темекі өнімдерін анықтап, жедел іс-шаралар жүргізу барысында облыстың Іле ауданының бір азаматын ұстапты. Тексеру барысында акциздік маркасы жоқ темекілердің Алматы қаласының «Жұлдыз» көтерме базарында сатылатыны жөнінде ақпарат алынған. Тінту барысында акциздік маркасы жоқ «» темекілері және қырғыз елінің акциздік маркасы жапсырылған «Бонд», «LD» темекілері тәркіленген. Әрине, сараптама барысында бұл темекі өнімдері стандартқа сәйкес келмейтіні анықталған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Жалған ақша жасау өнердің бір түрі ме?
Айлалы адамдардан амал артыла ма? Қолдан ақша жасап, айналымға жіберудің 2 фактісі облыс аумағында биылғы жылдың өзінде тіркелген. Долларды арзанға сатқанды кім көріпті? Жедел іс-шаралар барысында 1500 жалған АҚШ долларын сатпақшы болған бір азамат қолға түскен.
Мың жарым долларды небәрі 100 мың теңгеге бере саламын деген ұсынысы бірден күдік тудырған екен. Қазіргі таңда бұл қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданған.
Ал өткен жылы облыс аумағында орналасқан астыртын цехта 3 ай бойы қолдан теңге жасап, нарыққа енгізіп келген 3 азамат қолға түскен. Олар негізінен 2 мың теңгеліктерді шығарумен айналысқан. Одан кейін осы жалған ақшаны Алматы мен Алматы облысында таратып отырған. Осы цехта айналымға жіберуге дайындап қойған 400 мың жалған ақша тәркіленген. Осы қылмысқа барған екі адам Өзбекстан аза маты болса, біреуі Қазақстан азаматы болып шықты. Әлі күнге шейін бұл қылмысты топтың қанша жалған 2 мың теңгеліктерді айналымға жібергенін анықтай алмаймыз. Қанша үңіліп қарасаң да, арнайы сараптамадан өткізбесе, оларды шын ақшадан айыру тіптен мүмкін емес екен.
— Негізінен, жалған ақшалар базарда күнкөріс қамымен тауар сатып отырғандардың қолына түсетіні өкінішті-ақ! — дейді Дәулет Ертайұлы. — Біз бірнеше рет жеке кәсіпкерлермен жиын өткізіп, жалған ақша айналымда жүргенін айтып ескерттік. Теңгені тексеретін аппараттарды сатып алуды ұсындық. Қарасай ауданы сотының үкімімен жалған ақша жасаумен айналысқан 3 азамат та кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 жыл дан бас бостандығынан айырылып, жеке мүліктері тәркіленген.
Ойын бизнесінің жолы кесілді
Өткен мерзімде заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу шаралары күшейтілді. аңсыз ойын бизнесі саласы бойынша 91 қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдарын жүргізу барысында 98 ойын автоматтары, 52 лотереялық терминалдар, 3 жүйелік блок, 3 компьютер тәркіленген. Үш астыртын казино жұмысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта казино мен ойын автоматтары залы тек Қапшағай су қоймасы жағалауы мен Ақмола облысының учинск ауданы аумағына ғана орналасуға рұқсат берілген. Ал қалған аумақтағы ойын мекемелері жұмысы заңсыз деп есептеледі. Осыған қарамастан, Талдықорған қаласындағы «Алатау» кафесінде заңсыз казинода «Покер» карта ойыны жүргізілетіні анықталып, дереу шара қолданылды. Өткен алты ай ішінде сот орындаушылары тәркіленген 70 ойын автоматтарын жойды.
Қылмыстан құралақан сала жоқ
Бюджеттік салада 75 заңбұзушылық болса, оның 58 қылмыстық ісі мемлекеттік сатып алу саласында анықталған. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 23 іс бойынша тексеру амалдары жүргізілсе, оның 11 қылмыстық ісі аяқталған. Үстіміздегі жылы Алматы облысында тіркеліп, «Жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде ақшалай грантқа ие болған кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар бойынша сараптамалар жүргізілген. Осы бағдарлама шеңберінде Алматы облысының «Даму» АҚ кәсіпкерлікті қолдау қоры 2012-2015 жылдар аралығында кәсіпкерлікпен айналысатын 80 субектіге 202 млн. теңге көлемінде грант берген. Алайда тексеру барысында бірнеше кәсіпкерлікпен айналысатын субектілер алған қаржысын мақсатты жұмсамағаны анықталды. Мысалы, «Жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер шағын цех ашамын деп 3 млн. теңге қаражат алған. Алайда алған қаржысын басқа мақсатқа жұмсаған. Осындай фактілерді анықтау барысында 6 млн. теңге қайтарылды.
Салық төлеу саласында да біраз кемшіліктердің беті ашылған. Салық төлеуден жалтарғаны жөнінде 60 тексеру амалдары жүргізілсе, оның 47 аяқталған ісі бойынша бюджетке 1,6 млрд. теңге зиян келтірілгені анықталып, 1,4 млрд. теңге орнына келтірілген.
— Бүгінде біздің жұмысымыздың басты бағыты — халықтың арасында түсіндіру жұмысы. Қылмысқа деген нөлдік төзімділік, яғни қандай да бір қылмыс немесе заңбұзушылық болса, оған тек құқық қорғау органдары ғана емес, жалпы халық болып шара қолдануымыз керек. Жеңіл жолмен ақша табамын деп, көптеген жастарымыз экономикалық заңбұзушылықтарға барады. Біз адамдар арасында түсіндіру, профилактикалық шараларды жүзеге асыра отырып, заңбұзушылықтан аулақ болуға шақырамыз, — дейді Дәулет Ертайұлы.
Дайындаған — Нұрила Бектемірова