Жат ағымнан аулақ бол жалынды жас!

Жастарды жат ағымдардан аулаш ұстау еліміздегі жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Сондықтан да бүгінде жастар мен дін тақырыбында көптеген келелі жиындар мен кеңестер өтуде. Міне сондай шараның бірі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М.Ф.Үркімбаев атындағы Жастар сарайының мәжіліс залында «Дін және жастар» тақырыбында ұйымдастырылды. Шара ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлығымен бекітілген ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру аясында жүргізілді.

Жастар алдында сөз сөйлеуге Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы, Облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Облыс әкімдігі діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес мүшесі, дінтанушы-магистр Бахтияр Алпысбаев шақырылды, ал модератор ретінде «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Құрманбек Сағымбеков жұмыс атқарды.

— Бүгінгі кездесудің тақырыбы — «Қоғамдағы деструктивті діни ағым идеялары таралуының алдын алу». Бұл мәселе соңғы жылдары өте кең деңгейде үкімет, мемлекет тарапынан түрлі діни съездерде көтеріледі. Осы мәселені алдын алу, оны болдырмау Қазақстанның даму стратегиясында да көрсетілген. Яғни, діни тұрақтылық — ол әр азаматтың бойындағы өзіне тән қасиет, — деп айтып өтті Құрманбек Сағымбеков.

Жамбыл облысы әкімдігінің өкілі кездесу барысында діни сауаттылықтың маңыздылығы туралы айтып өтті. Оның айтуынша, халықтың діни сауаттылығы жоғары болса, олар өзге діни ағымдарының ықпалдарына кете қоймайды. Бахтияр Алпысбаев «Жусан» операциясы туралы сөз қозғап, Қазақстан азаматтарының Сирияға кету себептерін студенттермен бірге талқылады.

— Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға толыққанды ақпарат беру, толыққанды мәлімет беру, әсіресе дін саласындағы мәселелерге байланысты. Сіздер білесіздер, мемлекеттің өзінің алдына қойған мақсаттары мен тапсырмалары бар. Бұл міндеттелінген тапсырмалар қазіргі уақытта ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға арналған тармақтарда көрсетілген. Бұл тармақтарда негізінде халықтың діни сауаттылығын арттыру және қалыптастыру туралы жазылған. Демек, қазіргі уақыттағы ең басты масқат – халықтың діни сауаттылығын арттыру, — деді Бахтияр Алпысбаев.

Іс-шараға университет профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Дінтанушы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы тарататын діни уағыздарын ғана тыңдап, басқа шетелдік уағыздарды, экстремистік көзқарасы бар діни парақшалардағы ақпаратты таратудың қауіптері туралы айтып өтті. Діни алауыздықты қоздыратын ақпаратты таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес азаматтар бас бостандығын

шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуіан айырылуы мүмкін. Кездесу Бахтияр Алпысбаев пен студенттер арасындағы ашық әңгіме және сұрақ-жауап сессиясында жалғасын тапты.

Дедек Төлен