Жастар санасын серпілткен жиын
Отбасы ошақ басынан басталады. Сондықтан да отбасы құндылықтарын сақтау еліміздің басты қағидаттарының бірі. Бұл бағытта бүгінде ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталып жатқан жобалар аз емес. Сондай ілкімді істердің бірі Жамбыл облысы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті қабырғасында өтті.
«Дене тәрбиесі» кафедрасының ұйымдастыруымен, гендерлік саясат аясында «Болашақта тұрмысқа шығатын қыздарды, отбасында болатын қиындықтарды шешуге дайындау» тақырыбы бойынша М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың ГӘҒФ және АТАжәнеТФ студенттерімен дөңгелек үстел өтті. Әсіресе, қыздар болашақта тұрмыс құру үшін қандай жігіттерге көбірек көңіл бөлу керектігі туралы, филология мамандығының 2-курс студенті Яқыпбаева Шынарай қыздарға өте керекті мәлімет беріп өтті. Ал, Юлдашева Назима 2шет тілі мамандығының 2-курс студенті тұрмысқа шығатын қыздарға, аналарының айтқан ақылын және тұрмысқа шыққаннан кейін осы ұстанымды ұстаса, өте керемет отбасы болатындығын айта кетті. Студент қыздардың арасында көптеген сұрақ-жауаптар қойылып, өз ойларында жүрген көптеген сұрақтарына жауаптар алды. Атап айтар болсам, тұрмысқа қанша жаста шығу керек? Жас келін өзін қалай ұстау керек? Болашақта ана болған жағдайда отбасындағы балалардың тәрбиесі қандай болу керек? Және тағы басқа сұрақтар берілді және отбасындағы проблемеларды шешудің әртүрлі жолдарын талқылап, әрқайсысы өз пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында студент қыздар бүгінгі болған іс-шарадан ойларында жүрген көптеген сұрақтарға жауап алғандары жайлы және болашақта тұрмыс құрған жағдайда болатын әртүрлі жағдайларға өздерінің дайын екендіктерін айта кетті. Әсіресе, жоғарғы оқу орны қыздары арасында осындай іс-шаралар жиірек өтсе, жас қыздардың тұрмыс құрғанда болатын қиындықтарға деген сауаттылықтары жоғарлап, жас отбасыларының ажырасулары аз болар еді деген үміт басым.
Мұндай басқосулардың өскелең ұрпаққа берері мол екені даусыз. Сондықтан ТарМУ-дың осындай шараға ұйытқы болып отырғаны қуантады. Әрі бұл бастама талайға үлгі болары да хақ. Ендеше сауатты әрі рухани бай, санасы сергек ұрпақ тәрбиелеу жолындағы мұндай шалара көп болғай деп тілейміз.
Дедек Төлен