Павлодар облысы Түркістанға Халыққа қызмет көрсету орталығын сыйлады    

Аумағы төрт мың шаршы метрден астам үш қабатты ғимарат Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминге таныстырылды. Үкімет басшысы ғимараттың ерекше сәулет стиліне жоғары баға беріп,  Павлодар облысына алғыс айтты.

Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдеріне жаңа облыс орталығы Түркістан қаласында бір әлеуметтік нысан салуды тапсырған еді.

— ХҚКО салу үшін 1,2 миллиард теңге көлемінде демеушілер қаражаты тартылды, — деді Павлодар обысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Арман Шарбанов. – Үш қабатты жаңа ғимараттың аумағы төменгі және жоғарғы техникалық қабаттарды қосқанда  4247 шаршы метрді құрайды.

Ведомствода орталықтың қызметкерлері мен тұрғындардың ыңғайлылығы үшін заманауи компьютерлік техникамен және кеңселік жиһазбен толықтай жабдықталғанын айтты.

— Ғимарат қаланың орталығында орналасқан, — дейді «Азаматтарға аралаған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ың Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жәнібеков. – Орталық қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшіп келіп, азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетіп жатыр. Жақын арада мұнда біздің корпорацияның қызметкерлері де көшіп келеді.

Атап өту керек, ғимарат ерекше сәулет стилінде салынған. Орталықтың ішкі бөлігі табиғи гранитпен әрленіп, алюминий жапсырмалардағы күңгірттелген және қатайтылған шынымен қапталған. Ғимараттың сыртқы беті керамогранитпен қапталған, бұл оған заманауи стиль беріп тұр. Жыл бойғы инженерлік жылумен қамту ретінде «Panasonic» компаниясының газ құрылғысы орнатылған. Қазіргі кезде мамандар жүйені іске қосу-бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әлихан Рахметоллаұлы