Павлодарлық және ресейлік еріктілер тәжірибе алмасты
Павлодар облысының Успен ауданында Ертіс-Баян өңірінің және Ресей Федерациясының шекаралас аймағы Алтай өлкесінің колледждері студенттерінің қатысуымен «Шекарасыз еріктілер» өңіраралық еріктілер форумы өтті.
— Бұл еріктілер үшін таптырмас тәжірибе алмасу алаңы болды, — деді Успен аграрлық-техникалық колледжінің Мұрат Төлеубаев. – Біз жастардың назарын қоғамдағы әлеуметтік проблемаларға аударып, оларды еріктілер ұйымдарының қатарына тартқымыз келеді.
Жас еріктілер «Қайырымдылар клубы» ҚҚ және «Әлеуметтік еріктілер орталығы» ЖҚҰ-ың өкілдері өз қызметтері туралы баянадған сұхбат аалңына қатысты. Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің студенті Лищук Екатеринаның «Қайырымдылық ұшқындары» жобасы үздік деп танылды.
— Біздің отряд «Драйвер», «Қайырымдылық» және «Экодесант» деген үш ағыт бойынша жұмыс істейді, — дейді ола. – Олар: ауылды көріктендіру, жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге көмек көрсету, мектеп оқушыларына жол жүру ережелерін үйрету, түрлі қайырымдылық акцияларын өткізу.
Екінші орынға осы оқу орнының студенті Дамира Нурленова ие болды. «Қайырымды іс еріктілері» жобасы бойынша олар облыстық балалар үйімен әріптестік орнатқан. Өткен жылы студенттер қайырымдылық жәрмекесін ұйымадстырып, тәтті тағамдарды ойыншықтарға айырбастап, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Жаңа жылға сыйлық жасады.
Славгород аграрлық техникумының студенті Мария Гуляева өзінің «Жақсы істер жасайық» жобасын таныстырды.
— Біз соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедек балаларға концерттер мен флеш-мобтар ұйымдастырамыз, түрлі конкурстар мен тренингтер өткіземіз, — деді ол.
Атап өту керек, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалай сыйлықтармен марапатталды.
Әлихан Рахметоллаұлы