Павлодар облысының индустриялық-инновациялық басқармасына жаңа басшы тағайындалды    

Ведомствоны бұған дейін аймақ басшысының экономика, инвестициялар және сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған Бауыржан Кәменов басқаратын болды.  

Жаңа басшыны облыстық әкімідкте өткен жиында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды. Ол жаңадан тағайындалған басшының жұмыс тәжірибесі мол екендігін атап өтіп, қызметіне табыс тіледі.

Бауыржан Кәменов 1987 жылы дүниеге келген. 2008 жылы  Инновациялық Еуразия университетін «Қаржы бакалавры» маманыдғы, 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы бастады. Павлодар облысы әкімінің аппаратында бас маман, Павлодар ауданы әкімінің кеңесшісі, Григорьевка ауылдық округінде әкім, Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімінде басшы, қаржы бөлімінде орынбасар, Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.  2016 жылдың сәуір айынан бастап, Павлодар обылсы әкімінің көмекшісі, Павлодар обысы әкімі аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2019 жылғы маусым айынан бастап осы тағайындауға дейін облыс әкімінің экономика, инвестициялар және сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

Әлихан Рахметоллаұлы