Баянауылда тазылар көрмесі өтті

Баянауыл ауданында алғаш рет қазақы құмай тазыларының көрмесі ұйымдастырылды. Шара Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Қансонар» аңшылар мен аңшылық шаруашылығының республикалық қауымдастығының қолдауымен өтті. Игі іс-шараны ұйымдастыруда Мақсұтбек Көпжасаров бастаған ауданымыздың бір топ азаматтары өз үлестерін қосты.

Көрмеге жалпы 30-ға жуық тазы қатысты. Көрме барысында әр тазының антропометриялық ерекшеліктеріне сай сипаттамасы мен бағасы беріліп, иелеріне дипломдар табысталды. Сонымен қатар, тазылар жас ерекшеліктеріне жынысына байланысты топтарға бөлініп, салыстырудан өтті. ⠀Атап айтсақ, кіші топта арландар арасында сынға түскен «Лашын» атты тазы 1-ші орын, «Жебе» атты тазы 2-ші орынды иеленді, иесі Тимаш Р.Е., осы топта сынға түскен «Ақбан» лақапаты бар тазы 3-ші орын иеленді.  Аналық жынысты тазылар арасында кіші топта «Құмай» атты тазы 1-ші орын иеленді. Оның иесі Тан.М.

Орта топта арландар арасында К.Закрияновтың  «Сұңқар» атты тазы 1-ші орын, иесі атанды. «Арлан» 2-ші орын, иесі Н.Айтбаев.  «Ақтөс» 3-ші орын, иесі Құлмағамбет С.Қ.

Аналық жынысты тазылар арасында 1-орын «Сары гүл» иесі Жұмабаев М.Е., 2-орын «Құмай» иесі Қожахметов Е.Қ., 3-орын «Ұялас» иесі Айтбаев Н.С. иеленді.

Жоғары топта арландар арасында сынға түскен «Алау» 1-орын, есі Тимаш Р.Е. иеленсе, аналық жынысты тазылар арасында 1-орын «Көк тұйғын» иесі Көпжасаров М.Ө., 2-орын «Ақ құс» иесі Жакупов Т.К., 3-орын «Қоңыр киік » иесі Закриянов Қ.Т. еншіледі.

Тілеуберді Сахаба