Баянауыл ауданының әкімі ауысты
Павлодар облысының Баянауыл ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді ұлылар шыққан құтты мекенді Қанат Кәрімов есімді азамат басқарады. Ол бұған дейін осы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Баянауыл ауданының әкімі қызметін бұған дейін Оразгелді Қайыргелдинов атқарып келген болатын. Бұрынғы басшының басқа қызметке ауысуына байланысты орынына орынбасары келді. Жаңа басшыны аудан активіне Павлодар облысының әкімі таныстырды. Кәрімов Қанат 1964 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Абай атындағы педагогикалық институтын «Тарих, қоғамтану және кеңес құқығы» мамандығы бойынша тәмамдады. Жалпы жұмыс өтілі – 30 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 15 жыл.
Кәрімов Қанат 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағымен, ал, 2013 жылы «Құрмет» орденімен наградталды.
Тілеуберді Сахаба.