Елорда әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда мен елді-мекендерді тұрғын үй, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге аса назар аударды. «Қаланы аралау кезінде барлық елді-мекендерге барып, тұрғындармен кездестік. Олардың айтқандарын ескере отырып, қалада не салу қажет екендігін шештік. Жөндеу жұмыстарын жасай отырып, 100ден аса көше саламыз. Балалардың оқуына жайлы жағдай жасау үшін 6 мектеп саламыз. Сонымен қатар 5 медициналық орталық саламыз. Сондай-ақ, келесі жылыту маусымы басталғанға дейін бірқатар елді-мекендерді газбен қамтимыз», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. Екінші. Қолжетімді баспанамен қамту. Қолжетімді тұрғын үйге кезекте тұрған адамдардың санын барынша азайту қажет. 2019 жылы 2900 адам пәтер алды. Жеңілдікпен ұсынылатын баспана құрылысы көлемін 3 есе арттырамыз. Үшінші. 2020 жылы 12 мектептің құрылысы аяқталып, 8 мектептің құрылысы басталады. Қауіпсіздікпен қамту үшін барлық әлеуметтік нысандарды бейнебақылау камераларына қосу қажет. 800 орынға есептелген көпбейінді аурухананың құрылысын бастау керек. Әлеуметтік нысандардың құрылысына жеке қаражат тарту. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастыру. Төртінші. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыру, азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру және басқа да шаралар қабылдау. Бесінші. Тұрғындар мемлекеттік қызметтерді үйде отырып алуы үшін оларды автоматтандыру. Сондай-ақ, 112 байланыс орталығын құру қажет. Бұл орталық қызметтердің жұмысын жеңілдетіп ғана қоймай, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге көмектеседі. Алтыншы. Бірінші кезекте қала экономикасын дамытуға септігін тигізетін, қала тұрғындарының арасында сұранысқа ие инвестициялық жобаларды қолдау керек. Кәсіпкерлерге жағдай жасау мақсатында iQala-да орналасқан «бір терезе қағидаты» бойынша  жұмыс істейтін «бизнеске арналған Үкімет»  жобасын дамыту керек. Жетінші. Квазимемлекеттік сектор мен имидждік жобаларды оңтайландыру бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаражат қала мен оның тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталады. Жобалардың қымбаттауына алып келетін тиімсіз жоспарлау үшін жеке жауапкершілікті бекіту. Сегізінші. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес халықпен кері байланысты нығайту қажет. Азаматтармен кездесулер  ресми сипатта болмауы шарт. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Президент берген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жұмыстар атқарып жатыр.

 

Аким столицы провел совещание по вопросам реализации поручений Главы государства

Аким столицы Алтай Кульгинов провел совещание по вопросам реализации поручений Главы государства, которые были даны на расширенном заседании Правительства РК. Президент Касым-Жомарт Токаев акцентировал внимание на обеспечение столицы и жилых массивов жилищной, социальной и транспортной инфраструктурой. «Во время объездов посетили все жилые массивы города, выслушали жителей, с учетом их мнения решили, что в первую очередь необходимо построить. Так, проведем ремонт и построим свыше 100 улиц. Для того, чтобы дети учились в комфортных условиях построим 6 школ, для оказания медуслуг – 5 медцентров и т.д. Кроме этого до начала следующего отопительного сезона ряд жилых массивов подключим к газу», — сказал аким города Алтай Кульгинов. Второе. Обеспечение доступным жильем. Необходимо максимально разгрузить списки очередников на доступное жилье. В 2019 году квартиры получили 2900 человек. В текущем году объём  строительства льготного жилья увеличим в 3 раза. Третье. Завершить строительство 12 школ в 2020 году и начать строительство 8 школ. Для безопасности подключить все соцобъекты к камерам видеонаблюдения. Начать строительство многопрофильной больницы на 800 мест. Для строительства соцобъектов активизировать привлечение частных средств. Продолжить разъяснительную работу по ОСМС.   Четвертое. Принять меры по формированию стабфонда, организации продовольственных ярмарок и др. мер по недопущению роста цен на социально-значимые продовольственные товары. Пятое. Автоматизировать госуслуги, чтобы жители могли получать их, не выходя из дома. Также создать контакт-центр 112, который поможет разгрузить службы и оперативнее реагировать на острые обращения жителей. Шестое. Нужно поддерживать в первую очередь приоритетные инвестпроекты, которые будут работать на экономику города, и пользоваться спросом среди горожан. Для комфортной работы предпринимателей продолжить развитие проекта «Правительство для бизнеса» на базе IQala, где госуслуги оказывают по принципу «одного окна». Седьмое. Оптимизация квазигоссектора и имиджевых проектов позволит сэкономить бюджетные средства, которые направим на решение насущных проблем города и жителей. Закрепить персональную ответственность за неэффективное планирование, которое приводит к удорожанию проектов. Восьмое. Усилить обратную связь с населением по принципу «Слышащего государства». Встречи не должны носить формальный характер. Акиматом г. Нур-Султан ведутся работы по исполнению поручений президента.