Әкімдер өнер галериясында
Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Мұқырұлымен бірге «Өнер» галереясына бардым.
Өнердің қаншама інжу – маржандары жиналған бұл галереяда түрлі суретшілердің қолдарынан шыққан туындыларды көріп, тәнті болдым, рухани азық алдым. Қай туындыны алып қарасаң да, ерекше бір сезімге тап боласың. Біреуінде халықтың күнделікті тұрмыс жағдайы бейнеленсе, енді басқалары табиғаттың әсем көріністерін бейнелеген. Қай туынды болмасын маған еркше әсер етті.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.
Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын деп ата-бабамыз тектен тек айтпаса керек.
Рахат Тезекбайұлы Елтизаровтың
фейсбук парақшасынан