2019 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл облысы бойынша 163 перспективалы ауылдардың тізімі бекітіліп, оған Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылы енген еді. Жоба аясында республикалық бюджеттен 948 миллион теңге бөлініп, 29 жоба іске асырылды.