Нұр-Сұлтанда «Көктем–2020» республикалық оқу жаттығулары өтеді

Оқу-жаттығу жұмысын өткізу барысында су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығына байқау жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Авариялық-құтқару құрамаларымен практикалық шаралар орнында келесі тасқынға қарсы іс-шаралар көзделген: — зардап шеккендерді эвакуациялау, құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасау;  — еріген суды тазалау және қар шығару жұмыстарын жүргізу; -зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пунктерін ұйымдастыру; — электрэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою және инертті материалдары бар қаптардан үйінді бөгет салу. Шара 25 ақпан күні сағат 10.20-да басталады.