Ақпараттық топ ауданымызда
Т.Рысқұлов ауданында облыс әкімдігінің тапсырмасымен құрылған ақпараттық топ 2020 жылдың 20-22 ақпаны аралығында аудан тұрғындарымен, жастармен 6 кездесу өткізіліп, 425 адам қамтылды.Қатысқандар-жастар, ауыл тұрғындары, көпбалалы аналар, ардагерлер, ҮЕҚ мүшелері, өзге этнос өкілдері, кәсіпкерлер, әкімдік пен мекеме, ұйым қызметкерлері, білім, мәдениет, денсаулық саласы мамандары.
Ақпараттық топ Құлан агротехникалық жоғары колледжінде болып, студент жастармен кездесіп, олармен еркін пікір алысты. Осы алқалы топты облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев бастап келіп, жастарға еліміздің дамуы,қоғамдық-саяси жағдай,өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы,ұлтаралық татулық пен бірлік, демократиялық қоғам құрудағы жарқын істер, бірлік пен ынтымақ туралы ой-пікірімен бөлісті.
Облыстық ардагерлер кеңесі мүшесі, Жамбыл облысы мен Т.Рысқұлов, Шу аудандарының Құрметті азаматы Қ.Е.Төлендиев жастарға достық,ынтымақтастық, ұлтараздық қақтығыстарға жол бермеу, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, тұрақтылыққа қол сұғу, қоғамдық тәртіпті сақтау мен ішкі мәдениет, этика сақтау, мінез-құлық нормаларына сүйене отырып,адами құндылықтарға басым мән беру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету туралы өзінің құнды ойларымен бөлісті.Сұрақ-жауап арқылы жаңаша форматта өткен кездесуде жастар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.Облыстық мәслихат депутаты,облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі А.М.Райқұлов кез келген жиын мен шараларды мемлекеттік тілде өткізу қажеттігі,өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту туралы тың ұсыныстарын айтты.
Колледж студенттері А.Хавиши, Р.Хаклиманов, Ш.Ешмуратова мемлекеттік тілді күнделікті қолданудағы замандастарының әрекеттері туралы пікірлерімен бөлісті.Жастар тарапынан Қордай ауданында болған жағдайға бей-жай қарамайтындығын, бірлік пен татулыққа нұқсан келмеуі туралы өзіндік көзқарастарын ашық білдіріп,қоғамдағы жағдайларға өз ойларын ашық жеткізе алатындығын көрсетті.
Ақпараттық топ мүшелері Луговой және Р.Сәбденов ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кент тұрғындары Б.Керімқұлов, Б.Әлімбаева, Ф.Ақтанова тағы басқалары көше жолдары мен жарығы, тозығы жеткен үйлердің жағдайы, мал жайылымы туралы мәселелерді көтерді. Р.Сәбденов ауылында болған басқосуда да жұрт аймақта орын алған өзекті мәселерді сөз етіп, Қордай оқиғасының елде қайталанбайтынын айтып, ел тыныштығының ең қымбат екенін ерекше атап өтті. Осы кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Б.Әлпейісов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы П.Сүлейменов, аға прокурор А.Рақымбайұлы және аудандық немістер қоғамының төрайымы Е.Шарипова, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ә.Мырзақасымов қатысты.
Ақпараттық топ дәл осындай кездесулерді сенбі күні Қарақыстақ, Абай және Құлан ауылдық округтерінде де өткізді. Каменка ауылында өткен жиында ауыл тұрғындары табиғи газ кіргізу мәселесі назардан тыс қалмауын өтінсе, Абай ауылы тұрғындары мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануда жаңаша көзқарас қалыптасуы қажеттігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Облыс әкімдігі жанынан құралған ақпараттық топ мүшелерінің халықпен кездесуінің қорытындысы Құлан ауылында өтті.
Топ мүшесі Қ.Е.Төлендиев еліміздегі, облыс пен аудан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен қол жеткен табыстар, тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтаудағы нәтижелі жұмыстар туралы кең ауқымда баяндады.Аудан аумағындағы проблемалардың шешілуі,ондағы биліктің ықпалы, нәтижелі жұмыстары мен оң бастамалары, аймақтағы қол жеткен табыстар,қоғамдағы саяси ахуал, болып жатқан келеңсіз жағдайлардың шығуы, зардаптары, оның алдын алу шаралары туралы кеңінен баяндады. Тұтастық пен ынтымақты сақтау-басты құндылық екендігін нақты мысалдармен түсіндірді. Ел дамуындағы мемлекеттік тілдің рөлі, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, үлкенге құрмет,кішіге ізет, ана мен әке өнегесі, ата дәстүрі, ұлттық құндылықтар туралы құнды пікірлермен бөлісті. Ақпараттық топ мүшелерінің халықпен кездесуінің насихатталуы: аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына 14 пост салынды; барлық округтер мен ҚАТЖК ресми парақшасына 10 пост салынды; Zhambylnews.kz ақпараттық сайтына 5 пост жарияланды; аудандық «Qulan tany» газетіне 25.02.2020ж арнайы ақпараттық мақала және «Jambul» телеарнасынан ҚАТЖК өткен кездесу туралы сюжет шығады.
Ляззат Утеулиева