Жасарған, жаңарған Сарыкемер
Ұлы Жібек жолының бойында орын тепкен, бүгінде халқы тығыз орналасқан ауданның ажарлануына «Ауыл – ел бесігі» жобасы айрықша үлесін қосты.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртудың маңызын атап өтіп, «Ауыл – ел бесігі» жобасын жандандыруды тапсырған болатын. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Жамбыл облысы бойынша 163 перспективалы ауылдардың тізімі бекітіліп, оған Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылы енген еді.
29 жоба іске асты
«Гүлденсе ауыл — гүлденеміз бәріміз» деп Бейімбет Майлин айтқандай, аталған жоба аясында Сарыкемер ауылын жаңғырту мақсатында ел қазынасынан 948 миллион теңге бөлініп, 29 жоба іске асырылды.
Сарыкемер ауылының орталығында орналасқан мәдениет үйінің іргетасы 1976 жылы қаланған болатын. 2009 жылы нысанның қасбетіне соңғы рет ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Одан бері 11 жыл өтті. Ғимараттың қасбетінің бояуы оңып, әктері түскен. Нысанның алдыңғы алаңшасына 2004 жылы төселген брусчаткалардың дені сынған, бүлінген, кей жерлері ойылып кеткен. 2012-13 жылдары орнатылған жарық шамдар, 1991-1992 жылдары салынған фонтандар мен орындықтар жарамсыз болып қалған. Ғимараттың кіре беріс есігі 2004 жылы ауыстырылыпты.
«Ауыл – ел беcігі» жобасына шеңберінде аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйін жаңғырту үшін жобалық құны 14 млн. 664 мың теңгені құрайтын ауқымды жұмыстар атқарылды. Алдымен нысанның қасбетіне әрлеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылды. Ғимарттың алдыңғы алаңшасының көне брусчаткалары ауыстырылып, фойелерге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Есік-терезелер жаңартылып, нысанның алдыңғы жағына жаңадан орындықтар қойылып, жарық шамдары орнатылды. Әл-Фараби атындағы Мәдениет үйінің алдыңғы жағына ұлы ойшылдың ескерткіші орнатылды.
Сонымен қатар, нысанның оң жақ бөлігі қараусыз жатқан алаңға демеушілердің қолдауымен 10 млн теңге бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, аллея бой көтерді. 40 дана можжевник пен 38 шырша егіліп, жаңадан автотұрақ салынды, жаңа орындықтар қойылып, жарықтандырылды.
Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қорын сақтау бөлмесінің шатыры ескіріп, тозған. Ескірген шатырдың саңылауынан өткен жаңбыр тамшылары ішке өтіп, бөлменің төбесі түсіп, қабырғалары жарылып кеткен. Кітаптар ылғалданып, бүлінуге алып келген еді.
Ауқымды жобаның арқасында орталық кітапхананың кітап қоры бөлмесінің шатырын ауыстырылып, кітап сақтау қоры бөлмесінің төбесі гипсокардонмен жабылды. Жарылған қабырғалар тегістеліп, әрлеу жұмыстары атқарылып, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. Сондай-ақ жарқын жобасы аясында аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратына 3 млн 372.0 мың теңгеге ағымдағы жөндеудің арқасында алдыңғы жағына қосымша екі бөлме соғылды. Құрылыс жұмыстарын «Арқат Өркендеу» ЖШС-і атқарды.
Аудан орталығындағы «Теремок» және «Балдырған» балалар бақшаларына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Балдырған» балабақшасы 1983 жылы қолданысқа берілген. Жобалық сыйымдылығы 280 орындық. Қазіргі уақытта 36 педагог, 34 кіші қызметкер жұмыс атқарады. 12 топта 300 бала тәрбиеленуде.
Бақшаның ғимаратына 36 жылдан бері күрделі жөндеу жұмысы жүрмеген. Шиферлер ескірген, жамалып, жасқалған, қираған жерлері басым. Топ бөлмелерінің қабырғаларындағы бояу ескірген, жуынатын бөлмелер мен әжетханалардағы кафельдер көнерген. Еденде жатқан леноулемдер ескірген. Бақшаның қасбеті мен балалардың ойын алаңы, ондағы құрал-жабдықтары ескірген. Ауыл –ел бесігі жобасы» аясында жалпы құны 41951,4 млн. теңгеге «Балдырған» балалар бақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың шатыры толық ауыстырылып, металлочерепицамен жабылды. 12 топтың барлық бөлмелерінің қабырғалары қырылып, левкаспен сыланды және жуынатын бөлмелері мен әжетхананың қабырғалары сырланды, Едендегі кафельдер толық ауыстырылды. Жалпы көлемі 330 шаршы метр леноулем жаңартылды.
Балабақшаның кіре берісіне пластиктен бөлме қосылып, балабақшаның сыртқы фасады жөнделіп, қабырғалар қырылып, қайта әрленді. Сонымен қатар, даладағы балалардың ойын алаңында орналасқан күркелердің (беседкалар) шатыры ауыстырып, едендері толық жаңаланды. Қабырғалары қырылып, әрленді. Күркелерге, ойын алаңына барар жолдарға брусчатка төселді. Мұнымен қатар, бақшаның бетон қоршауларын еврозабормен ауыстырылып, жаңаланды.
1985 жылы «Теремок» балалар бақшасы пайдалануға берілген, содан бері 30 жылдан бері күрделі жөндеуді көрмеген. Қазандықтары ғимаратқа жапсарланып соғылған.
Балабақшада 6 топта 140 бала тәрбиеленуде. Жалпы қызметкерлер саны 46 адам, оның ішінде 22 педагог қызметкерлер.
Өткен жылдың 18 шілдесінде мердігер «Сафиянұр» ЖШС-і жалпы құны 164 млн. 475 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ғимараттың шатыры түгел ауыстырылып, сыртқы және ішкі қабырғалары тегіс жаңартылды.Терезе-есіктер замана талабына сай ауыстырылды. Канализация, дәретхана, қол жуғыштар жаңартылып, су құбырлары жүргізілді. 1 қабаттағы екі топ бөлмесі дәлізімен жылы еден төселді. Электржүйе, дабылдатқыш, бейнекамера орнатылды. Ғимараттан бөлек қазандық құрылып, автоматпен суқыздырғыш қазандықтар 1 дана «Бойлер» қойылып, 1 қосымша дизель отынымен жылу беретін қазандық орнатылды.
Бақшаның алаңы да қоршалып, алаңның 1/3 бөлігіне брусчатка төселді.
Мұнда жастар орталығы да бар
Сарыкемер ауылындағы жазғы театрға (жоба құны 5908,7 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, он жылдан бері жөндеу көрмеген театр жаңғыртылып, ел игілігіне берілді. Театрдың алдыңғы алаңқайы кеспе тастармен өріліп, ортасына субұрқақ орнатылды. Сонымен қатар, театр жанындағы екі қабатты ғимаратқа жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде ғимарттың қабырғалары сыланып, шіріген едендері алмастырылды, электр желілері жаңадан орнатылды. Жылу жүйесі тартылып, пластик терезе-есіктері салынды. Аталған нысан Жастар ресурстық орталығына жеке ғимарат ретінде беріліп, орталықтың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Бүгінгі таңда аудан жастары жазғы театр ғимаратын күтімге алып, жаз шыға жастардың жиі бас қосатын ордасына айналдыру мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алып отыр.
Сарыкемер ауылының орталығында орналасқан Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев есімімен аталатын орталық саябаққа (жоба құны 5 908,7 млн теңге) жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде саябаққа сән кірді. Саябаққа аспалы шамдар орнатылып, 2734 шаршы метр газон, 220 шаршы метр жерге брусчатка төселді. Жолдардың барлығының жиегіне 1100 шаршы метр бордюр, 1500 шаршы метр жерге полиэтилен құбырлар тартылып, суару жүйесі іске қосылды. 100-ден аса қылқан жапырақты және аққайыңның көшеттері егілді. Балалар ойнайтын түрлі әткеншектер бой көтерді, спорттық құрал-жабдықтар, заманауи орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Қазіргі таңда саябақ тұрғындардың жиі келетін сүйікті орнына айналған.
Тұрғындардың дені түйткілді мәселелермен жиі келетін аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты да жаңғыртылды. 3 449,5 млн. теңгенің ауқымды жұмыстары атқарылды.
«Ауыл – ел бесігі» жобасының арқасында орталық аурухананың қабылдау бөлімшесі де ағымды жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарын мердігер «Разат» ЖШС-і жүргізіп, жалпы құны 7790,357 теңгенің жұмыстарын атқарылды. Ағымдағы жөндеу барысында жалпы 13 дана есіктер, 160 шаршы метр ленолеум, 418 шаршы метр керомгранит плита тастары еденге төселді. 710 шаршы метр қабырлар левкаспен сыланып, сырланды. Кәріз құбырлары, жылу батареялары алмастырылды. 315 шаршы метр қабырғалар кафель тастармен қапталды. Есік-терезелері ескірген, қабырғалары жөндеуді қажет ететін қабылдау бөлімшесіне қарасты фрамацевт, УДЗ. ФГДС және автоклав кабинеттерінің электр жүйелері ауыстырылды.
Ғимараттың ота жасау бөлімшесіне де күрделі жөндеу жүргізілді. Аталған жұмысты «ТаразЭлитСтрой» ЖШС-і атқарды.Жалпы құны 70407,575 теңгенің жұмысы атқарылды. Ота бөлімінде соңғы рет 2007 жылы күрделі жөндеу жүрген болатын. Күрделі жөндеу барысында терезе-есіктер, раковиналар, унитаздар, шойын батареялар ауыстырылды. Жылу және электр жүйелері ескіріп тозғандықтан, толығымен алмастырылды. Қабырғалардың сылақтары түгелімен сырылып, қайтадан жаңартылды. Өрт гидранттары қойылып, 15 мм. 150 метр су жүретін құбырлар мен кәріз құбырлары ауыстырылды. 500 шаршы метр жоғарыға көтеріліп, түсетін алаңының қабырғалары левкаспен сырланды. 500 метр өртке қарсы дабыл қондырғыларының сымдары және 35 метр құрылғылары орнатылды. 1200 шаршы метр кафель плитасы төселді. 2200 шаршы метр қабырғар левкаспен сыланып, сырланды.
Спорт мектебінен талай шемпиондар түлеп ұшты
Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназия жанындағы шағын футбол алаңшасы 2012 жылы салынған. 2019 жылға дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүрмегендіктен, алаңшаның қоршауы және торы, жасанды төсеніші, бояулары әбден тозып, жарамсыз жағдайға жеткен.«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 12358,0 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Атап айтқанда алаңшаға қоршау жүргізіліп, жасанды төсеніш төселді. Қоршаудың торы ауыстырылды және тіректер сырланды. Қазіргі таңда футбол алаңшасы толық пайдалануға берілді.
Сарыкемер ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 балалар –жасөспірімдер спорт мектебі Байзақ батыр көшесі №123 мекенжайында орналасқан. Ғимараты 2001 жылы спорт мектебі теңгеріміне берілді. Ғимараттың шатырынан су ағып, сыртқы қабырғаларының сылағы түсіп кірпіштері үгітіле бастаған. Спорт залының қабырғалары қабыршықтанып әбден тозып, еден ағаштары шіріп кетіп, әр жерінен ойылып қалды және жылыту жүйесінің шойын батареяларынан су ағып, ескіріп тозды. Осыған орай, 2019 жылдың 28 тамызы күні «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жобалық сметаның құны 22382,479 мың теңгеге ішінара күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Алдымен ғимараттың жабыны ауыстырылды. Іші-сырты әрленіп, сырланды, жылыту жүйесі толығымен жаңартылды.
Сарыкемер ауылындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің орталық стадионында орналасқан баскетбол алаңшасы 1993 жылы соғылған, және құрылысы аяқталмаған болатын. Шатыры желден ұшып кеткендіктен, табаны жөнделмеген болатын. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында баскетбол алаңшасының табанына құм төгіліп шым төселді. Тормен қоршау жүргізілді, жарықтандырылды, соңында қоршауы боялды.
Әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бастама аясында ауыл ішіндегі жолдар жөндеуден өтіп, көшелер жарықтандырылды. 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Сарыкемер ауылында жалпы 10 жоба оның ішінде 5 жоба орта жөндеу (Кравцов, Мәмбет батыр, Көшербаев, Жанқұлиев, Жиделі) жалпы ұзындығы 3,1 шқ. 5 жоба ағымдағы жөндеу (Жамбыл және Байзақ батыр, Байзақ батыр, Д.Қонаев,Төле би және Ж.Дидарбеков, Ұ.Сыздықбаев бұрылысы, Наурыз, Ж.Сапаралиев, М.Әуезов, М.Әуезов бұрылысы, Райымбек батыр, Ә.Бұралхиев, Қ.Сүлейменов, К.Құлымбаев, Сыпатай батыр, М.Мәметова, Байдібек баба) көшелеріне 43264,5м2 ағымдағы жөндеу жүргізілді. Облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-14,4 шқ аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Жобаның құны 2 533,7 млн.теңге. Жобаны іске асыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. 2019 жылға 880 млн теңге (оның 800 млн.теңгесі РБ, 80,0 млн.теңгесі ОБ) қаралып, нысан 2020 жылға өтпелі.
Бүгінгі таңда мердігер анықталып, «КазакДорСтрой» ЖШС-мен 2 159,4 млн теңгеге келісімшарт жасалып, қазіргі таңда 14,4 шқ-нан бастап, қайта-жаңғырту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Сарыкемер және Бәйтерек ауылдарындағы көше шамдары ауыстырылып, тіректері жаңғыртылды. Жоба аясында 100 астам көшеге, 348 587 млн теңгеге көшелерді жарықтандыру жұмыстары іске асырылды. Ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған ауқымды жобаның арқасында аудан орталығы Сарыкемердің келбеті ажарланып, абаттандырылуда.
2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 7 жоба іске асатын болады. Атап айтатын болсақ, биылғы жылы Қостөбе орта мектебіне қосымша спорт зал, акт зал, асхана және үш сынып бөлмесін салу, Байзақ ауылында спорттық сауықтыру кешенін салу, №1 мектеп-гимназияның оқу корпусын күрделі жөндеуден өткізу, Н.Киікбаев мектеп-гимназияның шатырына күрделі жөндеу, Сарыкемер ауылындағы орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізу, Байзақ ауылындағы С. Абланов атындағы мектептің ғимаратын және Қосақ мектебін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Аталған жобалардың жалпы құны 972 689 млн. теңгені құрап отыр.
Жалпы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қолға алынып атқарылған, үстіміздегі жылы жоспарланып отырған жобалар ауқымды. Жалпы аудан орталығы мен елді мекендері дамыту мен көркейту бағытындағы жұмыстарға тұрғындар, елден шыққан іскер азаматтар, елдің зиялы азаматтары өз үлестерін қоса береді деп сенемін. Өйткені өңірімізде тындырылып жатқан тірліктер мен ауқымды жобалардың игілігін ел көруде.
Лебіздер
Айгүл Нұрманова: Балаларыммен саябаққа барамын
— Аудан орталығы Сарыкемерде «Ауыл – ел бесігі» аясында үлкен жұмыстар жасалды. Көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделді. Әсіресе Ақәділ Суханбаев атындағы саябақ түбегейлі жаңғыртылды. Шыршалар отырғызылып, балалар үшін ойын құралдары, спорттық құрал-жабдықтар орнатылды. Жаяу жүргіншілер жүретін тротуар салынып, жарқырап тұрған аспалы шамдар көздің жауын алады. Балаларымды ертіп сенбі-жексенбі күндері саябаққа келеміз. Балалар ойын қызығына беріліп жатады. Жаңарған, жасарған саябақты көріп, қуанудамыз.
Жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, елді мекендер көркейіп келеді. Халық игілігі үшін жасалған тірліктерге қамқор болайық дегім келеді.
Н. Жайназаров: «Ауыл – ел бесігі» жобасына ризамын
Қазіргі таңда аудан халқының – пайызын жастар құрайды. Жас толқынның басын қосатын орталықтың қажеттілігін ескеріп, іскерлігімен дараланған, аудан басшысы Нұржан Нұржігітовтың ұйытқы болуымен жастардың басын қосатын орталық ашылды.
Жас кезімізде кино тамашалап, би билейтін жазғы кинотеатр бірнеше жылдан бері жөнделмей тұр еді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ғимарат жөнделіп, қайта пайдалануға берілді. Сонымен бірге көшелерге асфальт жабыны төселіп, футбол алаңшалары бой көтерді. Ауданымыз жылдан-жылға көркейіп, абаттану үстінде. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың уақытылы жүзеге асырылып жатқандығы – соның жарқын көрінісі.
Атқарылған жұмыстардың сыншысы – халық. Халық айтса, қалт айтпайды дегендей, жасалынып жатқан жақсы істер көп болсын.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылына тың серпін әкелді. Бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген «Балдырған». «Теремок» балалар бақшасы күрделі жөндеуден өтті. Біздер, ата-аналар балаларымыз үшін жасалып жатқан қамқорлықтарға риза болдық.
Тараз қаласының іргесіне орналасқан, сулы да нулы өңірімізде 2020 жылы да іргелі тірліктер іске асатындығына сенімдіміз. Өйткені ауылдың жағдайы жақсы болса, елдің де әл-ауқаты артады.
Махаббат Симбаева,
ауыл тұрғыны