«TOKYO 2020» олимпиадасы өтпей қалуы мүмкін
Халықаралық олимпиада комитетінің төрағасы Дик Паунд 25 ақпан күні «Ассошиэитед Пресс» агенттігінің журналисіне берген сұхбатында: «Жер-жаһанды үрейге салып отырған Коронавирусы мамыр айының соңына дейін тізгінделмейтін болса, Токио олимпиадасы өтпей қалуы мүмкін. Үш айдай уақыт қана қалды. Ең соңғы шешімді мамырдың соңына қарай қабылдайтын боламыз. Сол кезде коронавирус толық тізгінделіп бола ма жоқ па? Адамдар алаңсыз Токиоға бара алама деген сұрақтардың жауабы шығатын болады» деді.
Қытайдан таралған Коронавирусы қазіргі таңда Жапонияға да жайылып бара жатыр. 25 ақпандағы санақ бойынша Жапонияда вирус жұқтырғандардың саны 861, қайтыс болғандары 4 адам делінген.
ХОК таратқан мәлімет бойынша 2020 жылы 24 шілде күні басталатын «Токио 2020» олимпиядасына 11000 спортшы, 25 тамызда басталатын паролимпиядаға 4400 спортшы қатнасатынды.