ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ӘЗІРЛЕНЕДІ

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр. 

Вакцина әзірлеумен Ұлттық биотехнология орталығы мен биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысып жатыр.

Ғалымдар бес кандидаттық вакцина ойлап таппақ. Олардың ішінен клиникалық сынақтарды өткізу үшін ең тиімдісі таңдалады.

«Әлемнің көптеген елі өз вакцинасын әзірлеу туралы жариялады, алайда бұл олардың барлығы клиникалық сынақтан өтуді талап етеді және бір жылдан кем уақытта аяқталмайды. Вакцина алынғанға дейін COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу маңызды. Бұл мемлекет қабылдаған шараларға ғана емес, әрбір адамға да байланысты. Сондықтан барлық алдын алу шараларын сақтау қажет», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда барлығы 49 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда — 22, Нұр-Сұлтанда — 25 және Қарағандыда екі адам емделіп жатыр.

Дереккөз: coronavirus.kz