Ғибраттар
Көшеден өтіп бара жатқан ғұламаны көрген бірнеше адам оған әдейі естірте жаман сөздер айтады. Ғұлама бұл ғайбаттың бәрін естісе де, олармен жылы амандасып жандарынан жымиып өте шығады.
Мұны сырттай көріп тұрған бейтаныс біреу оны тоқтатып: – Сен қазір ғана өзіңді ғайбаттаған адамдарға қабақ та шытпастан, амандық тіледің. Қалайша ашуланбадың? — деп сұрайды.
Сонда әлгі кісі жәй ғана былай депті: – Мен базарға шықсам, қалтамдағы бар ақшаға ғана сауда жасаймын. Адамдармен сөйлескенде де солай – көңілімде барын ғана айтамын…
***
Жұмақта екі періште бар екен. Бірі үнемі ақша бұлттың үстінде тынығып жатса, екіншісі жер мен көктің арасын шарлап жүреді екен. Бір жолы демалып жататын періште оны тоқтатып сұрапты:
— Сен өзі ерсілі-қарсылы ұшып, не істейсің?
— Мен «Құдайым, өзің көмек бере гөр…» деп басталатын тілектерді жеткіземін. Ал сен өзің неғып демалып жатырсың?
— Мен «Алла, бергеніңе шүкір…» деп басталатын тілекті жеткізушімін…- деген екен.
Расында да, қанағатшылдарға қарағанда көмек сұраушылары көп қоғам бұл.