МЫНА 20 КЕҢЕСТІ ІСКЕ АСЫРУҒА ТАЛПЫНЫҢЫЗ!

Миллионерлер өмірінен алынған 20 кеңеске назар аударып, оны өзіңіз де іске асыруға талпыныңыз!

  • 1. Қоршаған әлем – банктік төлемдер, олардың пайыздарынан бастап, әп-сәтте арықтататын ғажайып-диеталарға дейін (оларды ұсынатындар сіздің мүсініңізді ойламайды. Бар ойлары – сіздің сауатсыздығыңызды пайдаланып, ақша жасау) – барлығы сізді топас, мақұлық етіп көрсетуге дайын тұрады. Сондықтан шамаңыз жеткенінше біліміңізді арттырудан, айналаны танудан бас тартпаңыз.
  • 2. Білім ордалары берер білімінің нәтижелігіне көз жұма сенуге болмайды. Олар оқу жоспарын жасап болғанша, ол жүйе ескіріп үлгереді. Сондықтан жұрттың құрметі мен назарына көшбасшылық қасиетіңізбен, іскерлігіңізбен ғана жете алатыныңызды есте ұстаңыз.
  • 3. Қаншалықты оқи алсаңыз, соншалықты көп кітап оқуға талпыныңыз. Жылдам оқуға машықтанып, есте сақтау қабілетіңізді арттырыңыз.
  • 4. Адамдарды бөліп-жармай, барлығымен де әңгіме-дүкен құрыңыз. Әңгіме айтудың, сөздің шебері болыңыз. Әр адамның өзіңізге ұнайтын қасиетін таба біліңіз және алдағы уақытта ол жақсы әдетті бойыңызға қалыптастыруға талпыныңыз.
  • 5. Тәкаппарлықпен алтын уақытыңызды жоғалтпаңыз.
  • 6. Адам тани біліңіз.
  • 7. Өзіңізден жасы үлкен адамдармен көбірек араласыңыз, олардың әңгімелерін тыңдап, іс-әрекеттеріне мән беріңіз. Өз қатарластарыңызға қарағанда үлкендердің өмірлік тәжірибесі қандай да бір шешім қабылдағанда көп көмек болмақ.
  • 8. Өзіңізге қызықты әр салада өзіңізден мықтырақ адамдармен аралас болыңыз. Олардың істерінен үлгі алып, өз ортаңызда «жақсы» ғана емес, «үздік» болуға тырысыңыз.
  • 9. Керемет идеяларды іске асыру үшін ертеңгі күнді күтпеңіз. Олар бүгін, дәл қазір орындалуы керек.
  • 10. Шығындарды мейлінше қысқартыңыз. Сонда ойыңыздағы керемет идеяларды іске асыруға артық қаражат та болады.
  • 11. Сізге дүние емес, тәжірибе керек екенін естен шығармаңыз. Жаңа шкаф сатып алғаннан гөрі, сізге жаңа қалаға саяхаттап келгеніңіздің пайдасы көбірек болады.
  • 12. Егер қазіргі жағдайыңыз «айлықтан айлыққа дейін» болса, онда бұл уақыттың арасын екі, одан кейін үш аптаға, ары қарай 2-3 айға деп соза отырып, 5 жыл алға жылжытуды мақсат етіңіз.
  • 13.  Логикаңызды, қиялыңызды дамытыңыз.
  • 14. Жас күніңізден семіздіктің сізді бағындыруына жол бермеңіз.
  • 15. Тамақ жасауды үйреніңіз. Өзіңіз жасаған тағам денсаулыққа ғана емес, қалтаңызға да тиімді болмақ. Яғни тамақтану қымбат шығыннан, жаныңызға рахат сыйлар сүйікті ісіңізге айналсын.
  • 16. Ұйқыңыз дұрыс болсын. «Ұйқы қандырып жатуға уақыт жоқ, көп нәрсеге үлгеруім керек» деп ойласаңыз, қателесесіз. Ұйқыңыз қанбаса, істеген ісіңіз де өнімсіз болмақ. Осылайша демалуға қимаған уақытыңыз да зая кетпек.
  • 17. Жаныңызда әрдайым қойын дәптеріңіз болсын. Есте сақтау қабілетіңізге сенбеңіз. Керек ақпараттың барлығын дәптеріңізге түрте жүріңіз.
  • 18. Алдыңызға үлкен мақсат қойып, күнделікті сол мақсатқа қарай бір қадам жасап отыруды ұмытпаңыз.
  • 19. Белгілі бір істің білікті маманы болыңыз. Әр шөптің басын бір шалғаннан пайда таппайсыз. Нақты бір іске, кем дегенде, 5 жыл уақытыңызды арнаңыз. Ал одан кейін мамандығыңызды ауыстырғыңыз келсе – тек алға! Бірақ тағы да «екі кеменің құйырығын ұстаған суға кететінін» естен шығармаңыз.
  • 20. Адамдарды жөнге салуға тырыспаңыз. Одан да әлі «бұзылмағандарды» тауып алғаныңыз дұрыс…

Аударған: Құралай Мұратқызы

Mazhab.kz