ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАДЫНАМА ТАРАТЫЛДЫ
Қазіргі таңда елімізде індеттің таралмауы үшін қоғамдық орындарда, асхана мен мейрамханаларда, дүкендер мен мекемелерде дезинфекциялық жұмыстардың жүруі, санитарлық нормалардың сақталуы өте өзекті.
Сол себепті, Түркістан облысының ерікті жастары төтенше жағдай кезінде құрылған Ахуал орталығының бастамасымен қоғамдық орындарда тазалық сақтау, дезинфекция жасау нұсқаулығы жазылған 1000 дана жадынама таратты.
Басты мақсат – адам көп шоғырланатын орындарда тазалық жұмыстарын жиі жүргізуді ұйымдастыру, меншік иелеріне індеттің қаупі жоғары екенін түсіндіру.
Себебі, тұрғындар әлі де болса, тазалық шараларына бей-жай қарап, мән бермеуде. Бір реттік қана дезинфекция жасатумен шектеліп, мекеме немесе қоғамдық орынға кіретін есіктерді дәкемен орап қою секілді антисанитариялық жұмыстарды атқарған. Алайда, аталған сақтық шараларын жиі жасау арқылы індеттің таралуына тосқауыл қою қажет.
Ахуал орталығының түсіндірме жұмыстары ары қарай жалғасуда.
Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі