Әлеуметтік төлем туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік төлем төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде қызметтің шектеулеріне байланысты табысынан айырылған жағдайда (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) келесі санаттар үшін бір ең төменгі жалақы мөлшерінде жүзеге асырылады:

— жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;

— карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;

— жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге;

— жеке практикамен айналысатын адамдарға (жеке адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар);

— бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеушілер);

— азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – АҚС шарттары бойынша табыстар алатын тұлғалар);

— жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне.

Әлеуметтік төлем тағайындалмайды:

1) БЖТ төлеушілерін қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ адамдарға;

2) өтініш берілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;

3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін зейнетақы жүйесінде он екі ай ішінде бірде-бір қатысу өтілі жоқ АҚС шарттары бойынша табыстар алатын тұлғаларға.

Әлеуметтік төлемді алу үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер, яғни жұмыс берушілер қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсете отырып,белгіленген нысан бойынша аудандық (қалалық) штабтарға өтініш жібереді.

Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде қызметтің шектеулеріне байланысты табысынан айырылған адамдардың тізбесі айқындалады.

Қорытынды беруден бас тартуды аудандық (қалалық) штаб мынадай жағдайларда шығарады:

1) жалақы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер туралы мәліметтер болмаған жағдайда;

2) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші, яғни жұмыс беруші келесі санатқа жатпаса: шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне, қызметін карантин енгізілген елді мекендерде жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға;

3) егер әлеуметтік аударымдар төлеуші мемлекеттік коммерциялық емес ұйым болып табылса.

Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, БЖТ төлеушілержәне АҚС шарттары бойынша табыстар алатын тұлғалар, сондай – ақ әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қызметкердің өзі берген жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) бөлімшесіне белгіленген нысан бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш береді.

Өтініш келесі тәсілдердің бірімен беріледі:

1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;

2) жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер және АҚС шарттары бойынша табыс алатын тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қызметкердің өзі берген жағдайда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы бере алады.

Бұл ретте өтініште көзделген мәліметтер диалог форматында беріледі;

3) Enbek.kz портал арқылы (42500.enbek.kz сайты);

4) жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер және АҚС шарттары бойынша табыс алатын тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қызметкердің өзі берген жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша проактивті форматта қызмет ала алады.

Бұл жағдайда өтініш талап етілмейді.

Әлеуметтік төлем төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне өтініш берілген күннен бастап бір рет тағайындалады және бір ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.

Төтенше жағдайдың қолданылуы ұзартылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне ұзартылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияға күн сайын қаржыландыруды жүргізеді.

Әлеуметтік төлемдер күн сайын төтенше жағдай режимі қолданылатын кезеңде жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.

Қала тұрғындары үшін бірыңғай жиынтық төлем мөлшері – 2 651 теңге, ауыл тұрғындары үшін – 1 325 теңге.

Анықтама үшін:

Бірыңғай жиынтық төлемді жүзеге асыру жолдары:

Бірінші – Халық банк, Fortebank, Сбербанк, Jysan bank, Bank Center Credit, Каспи банктің мобильді қосымшаларында және «Қазпошта» бөлімшелерінде мобильді қосымшаларында;

Екінші – SMS – арқылы төлеу. Ол үшін 5505 нөміріне SMS жіберіп, қала тұрғындары үшін «GORODESP ИИН», ал ауыл тұрғындары үшін «SELOESP ИИН» деп көрсету қажет.

Бүгінгі күні облыста 1 214 өтінім (жұмыс берушілерден 269 өтінім) түсті, оның ішінде толық құжаттармен 906 өтінім және толық құжаттармен      308 өтінім. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 750 өтінім жіберілді (жұмыс берушілерден 170 өтінім).

Жұмыспен қамтудың жол картасы туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбек нарығын тұрақтандыру мақсатында Маңғыстау облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы (бұдан әрі – жол картасы) әзірленді.

Барлығы 2020 жылы облыс бойынша бөлінген лимит шегінде шамамен 34 млрд. теңге (33 950,0 млн. теңге) 141 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде келесі жұмыс түрлері мен объектілер бойынша:

  1. әлеуметтік – мәдени объектілерді салу, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту бойынша – 63 жоба, 2 829 жұмыс орнын құру және 1 387 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырумен, 9 млрд. теңге сомасына (8 606,0 млн. теңге);
  2. тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық объектілерін салу, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту бойынша – 37 жоба, 3 079 жұмыс орнын құру және 1 539 адамдыхалықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырумен, 15 млрд. теңге сомасына (14 695,0 млн. теңге);
  3. инженерлік – көлік инфрақұрылымын күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу бойынша – 28 жоба, 1 242 жұмыс орнын құру және 722 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырумен, 6 млрд. теңге сомасына (6 358,4 млн. теңге);
  4. елді мекендерді абаттандыру бойынша – 13 жоба, 1 345 жұмыс орнын құру және 688 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырумен, 4 млрд.теңгесомасына (4 291,0 млн. теңге).

Барлығы 8 889 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 8 495 жұмыс орны жобаларды іске асыру кезінде және 394 тұрақты жұмыс орны объектілер пайдалануға берілгеннен кейін.

Жол картасы шеңберінде жобаларға жұмысқа орналастырылған азаматтардың орташа жалақысы 2 ең төменгі жалақы немесе 85 мың теңге көлемінде болады деп күтілуде.

Анықтама үшін:

Аудандар мен қалалар бөлінісіндегі жобалар: Ақтау – 48, Жаңаөзен – 19, Бейнеу – 13, Қарақия – 18, Маңғыстау – 15, Мұнайлы – 7, Түпқараған – 21.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Естеріңізге саламыз, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар (бұдан әрі – АӘК алуышылар) қатарынаназ қамтылған отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама               АӘК тағайындау кезінде отбасы құрамында:

1) 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар;

2) орта білім беру ұйымдарында оқитын, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы ұсынылады.

Орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама әрбір балаға:

мектеп формасы не спорттық формасы және мектеп – жазу        керек – жарақтарының жиынтығымен (тиісті жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар болып табылатын отбасыларға жылына бір рет беріледі);

бір реттік ыстық тамақпен (оқу жылы кезеңінде оқу күндері үшін оқу орны бойынша беріледі);

қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде жеңілдікпен жол жүрумен қамтылады (билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде).

Сондай – ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп төтенше жағдай кезінде азық – түлік және тұрмыстық жиынтығын алушылардың тізбесі қалыптастырылды.

Қазақстанның барлық аумағында, соның ішінде Маңғыстау облысында төтенше жағдай кезінде АӘК алушыларқатарындағы 6 – 18 жас аралығындағы балаларға, соның ішінде көп балалы отбасылардан шыққан балаларға азық – түлік және тұрмыстық жиынтық беріледі. Облыс бойынша жиынтық құны 5 567 теңгені құрап, облыстың                  5 056 баласына ақшалай көмек көрсетілді.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 30 наурыздағы үндеуінен кейін азық – түлік және тұрмыстық жиынтық алушылардың санаттары кеңейтілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап азық – түлік және тұрмыстық жиынтық төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың келесі санаттарына:

1) АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға;

2) тұрақты негізде медициналық – әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

3) тұрақты негізде медициналық – әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;

4) мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;

5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға ұсынылады.

 

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚПАРАТЫ