Елордада дін тақырыбында онлайн-лекция өтеді

 Нұр-Сұлтан қаласындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы діни сауалдар бойынша ақпараттық-түсіндіру дәрістерін 1 сәуірден бастап тікелей эфир арқылы жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Тікелей эфир сағат 17:00-де орталықтың инстаграм желісіндегі @elorda_cipr парақшасында өтеді. 7 сәуір күнгі онлайн-лекцияны теолог Жандәулет Сүлейменов өткізеді. Тақырып деструктивті діни ағымдар жайында өрбиді. Эфир барысында деструктивті діни ағымның қаупі және оның құрбаны болмау туралы сөз қозғалады. Көпшілік қауым өздерін толғандырған сауалдарға жауап ала алады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі