КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА 2 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев: «Биыл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 49 млрд теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдікті қарыздар беруді жалғастырады. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды. 5 мың азамат баспанасын жақсартады. Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 млрд теңге сомасына 4 955 несие берген»,— деген деректі алға тартты.

Е.Сахариев