Қазгеология Қарағандыда геохимиялық зертхананы іске қосты

   «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» 75-қадамын орындаудың, «Қазгеология» АҚ-тың 2016-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асырудың шеңберінде Қарағанды қаласында геохимиялық зертхана жұмысын бастады.

 

 

      Жоба әлемдегі геохимиялық зертханалық жұмыстар ісету бойынша қызмет көрсететін, оның ішінде техникалық қызмет көрсету саласындағы жетекші компаниялардың бірі — АLS компаниясымен бірлесіп іске асырылуда.

 

 

       «Қазгеология» АҚ-тың геохимиялық зертхана құрудағы негізгі міндеттерінің бірі – ықтимал инвесторлардың геологиялық сынамалардың сандық әрі сапалық сипаттамалары туралы халықаралық деңгейде танылатын деректерді жедел алуына мүмкіндік жасайтын Қазақстанның минералдық базасын жасау. Бұдан бұрын шетелдік зертханаларға сынамалар жіберілетін, бұл қаншама уақыт пен қаржы реурстарының ысырабына әкеп соқты. Ал, енді құрылған зертхана әлемдік стандарттарға сай барлық қажетті сынамаларды Қазақстанда жүргізуге мүмкіндік береді.

 

 

Зертхана озық технологияларды пайдаланып, нәтижелерін халықаралық қаржы институттары танитын, халықаралық стандарттарға сай әрі әлем таныған 20-дан астам зерттеу әдісі пайдаланылатын геохимиялық зерттеулерді сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.
Зертхананың жалпы алаңы 2 мың ш.метрден астам, штат саны ұдайы оқудан өтетін, біліктілігі жоғары 40 маманнан, әлемдегі ең үздік өндірушілердің ең жақсы жабдықтарынан тұрады. Зертхана жабдықтарының кешені биылғы жылы өнімділігі тәулігіне 1200 сынама құрайтын 30 элементтен астамын анықтауға мүмкіндік жасайтын болады.

 

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің

Баспасөз қызметі