Нұр-Сұлтанда 2,8 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй дезинфекциядан өтті

Елордада күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 2800-ден астам көппәтерлі тұрғын үйге дезинфекция жүргізілді. 10 мыңнан астам кіреберіс, 1500-ден астам спорт және балалар алаңы, 1300-ден астам автобус аялдамасы және т. б. өңделді. Күн сайын өңдеу жұмыстарына шамамен 500 адам шығады. Дезинфекция жұмыстарына қалалық қызметтермен бірге қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылғандар да қатысады. Бүгін коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының  қызметкерлері тұратын Думан қонақ үйінің аумағында  дезинфекция жүргізілді. «Біздің бригаданың бөлімшесі Нұр-Сұлтан аумағын дезинфекциялаумен айналысады. Қаланы дезинфекциялауға 300-ден астам адам мен 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Күн сайын біз 80-90 нысанды дезинфекциядан өткіземіз. Әскери бөлімнің жеке құрамы оқытылды, дезинфекция жүргізуге дайын, барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілді, дезинфекциялық құралдар қоры бар», — деп атап өтті 68/665 ә/б радиациялық химия-биологиялық қорғау қызметінің бастығы Дмитрий Ефимов. Дезинфекциялық ерітінділермен қаланың барлық базарлары, медициналық мекемелері, сауда орталықтары, супермаркеттері, өткізу-бақылау бекеттері, орамішілік аумақтардың іргелес аумақтары өңделеді. Сонымен бірге кіреберістер, балалар алаңдары және т. б. өңдеуден өтеді.

 

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі