Нұр-Сұлтан қаласында үшінші рет ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі
Қалалық қызметтер, әскери қызметкерлер, әскерге шақырылғандар елордада үшінші рет ауқымды дезинфекция жұмыстарын өткізеді.
Дезинфекция барысында тұрғын үйлер, соның ішінде орамішілік аумақтар қайта қамтылады. Дезинфекция жұмыстарына 500-ге жуық адам қатысады: қалалық қызметтермен бірлесіп дезинфекцияға қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылғандар да қатысады. Адам көп жиналатын орындар: әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, өткізу-бақылау бекеттері және т. б. күнделікті дезинфекцияланып жатыр. «Біздің бригаданың бөлімшесі Нұр-Сұлтан аумағын дезинфекциялаумен айналысады. Қаланы дезинфекциялауға 300-ден астам адам шығады. Әскери бөлімнің жеке құрамы оқытылды, дезинфекция жүргізуге дайын, барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілді, дезинфекциялық құралдар қоры бар. Дәрігерлер тұрып жатқан медициналық ұйымдардың, қонақ үйлердің аумақтарына ерекше көңіл бөлеміз», — деп атап өтті 68/665 ә/б радиациялық химия-биологиялық қорғау қызметінің бастығы Дмитрий Ефимов. Сонымен қатар, елорда көшелері мен магистральдарына екі жақты жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі