Елорда емханаларында дене температурасын өлшейтін құрылғы орнатылды
Емханаларға келушілердің дене температурасы автоматты түрде өлшеніп, коронавирус белгілерін біледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қалалық емханаларда дене температурасын өлшейтін тепловизорлар пайда болды
. Температураны автоматы түрде өлшеуге арналған құрылғы кіре берісте орнатылады. Егер келушілердің немесе дәрігерлердің біреуінде аурудың алғашқы белгілері болса, құрылғы бірден дабыл қағады. Қалада жеке демеушілер есебінен, атап айтқанда кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың қолдауымен дене температурасын бақылайтын алты құрылғы орнатылды. Елорда әкімдігі білдірген қолдауы үшін алғыс білдіреді. «Бүгін күндіз температурасы 37 градустан жоғары бір келуші болды. Сол сәтте құрылғы бірден белгі берді. Дәрігерлер оны респираторлық ауру белгілері бар пациенттерді қабылдайтын арнайы кабинет арқылы өткізді. Барлық қажетті іс-қимылдар мен тексеру жұмыстары алгоритм бойынша орындалды. Сондықтан бұл шлюз өте ыңғайлы. Емхана қызметкерлері де тепловизор арқылы тексерістен өтетінін айта кеткім келеді», — дейді №5 қалалық емхана басшысы Алтыншаш Табулдина. Айта кетейік, елорданың медицина мекемелерінде және адам көп жиналатын орындарда дезинфекциялық тоннельдер орнатылып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі