14-15 сәуірдегі коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша түсініктеме
14 сәуір күні Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 адам тіркелді. Олардың 5-уі пневмония диагнозымен, ал 13-і науқаспен жақын-қарым қатынаста болғандар. Олар дәрігерлердің бақылауында стационарда болған. 15 сәуір күні таңертеңгі уақытта індетті жұқтырған 9 адам тіркелсе, сағат 12:30 деректерге сәйкес тағы 3 тұрғында коронавирус анықталды. Оның 7-уі «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлері. Қазіргі таңда барлық қызметкерлер және онда ем қабылдап жатқан азаматтар арнайы тест тапсырды. Мекемеде санитарлық нормалар күшейтіліп, дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Коронавируспен күресіп жатқан қызметкерлер тұрақты түрде тесттерді тапсырып жатыр. 7 мыңға жуық экспресс-тест өткізілді. Бұл індетті жұқтырғандарды анықтауға және оларға уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 15 сәуірде тіркелген 2 жағдай – пневмония диагнозымен ауруханада болған адамдар, тағы 3-і –байланыста болған адамдар (оның біреуі-2019 жылы туған бала). 15 сәуір сағат 13:00-дегі деректерге сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам анықталып отыр . Нұр-Сұлтанда 294 адам індетке шалдықса, оның 110-ы сауықты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі