«Кардеш калемлердің» кезекті саны Жамбыл Жабаевқа арналды

Түркияда Еуразия Жазушылары одағының ай сайын шығарып отыратын «Кардеш калемлер» журналының шілде саны қазақтың жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналып шықты.
Журналға Жамбылдың өлеңдері мен өмірбаяны, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаевтың «Қазақ поэзиясының алыбы», ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтың «Мәдениетіміздің бәйтерегі», Анкара қаласы Кечиөрен муниципалитетінің мэрі М.Актың «Көңілге ортақ», Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омароғлының «Ұлттық рухтың өкілі», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры У.Қалижанның «Феномен», академик С.Қирабаевтың «Жамбыл шығармашылығына жаңаша көзқарас», Қоғам қайраткері Ш.Беркімбаеваның «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым», Мұғла университетінің оқытушысы, ғылым докторы Әкрам Аянның «170 жасқа толған Жамбыл Жабаев», «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Ж.Шаштайұлының «Жамбыл және заман», жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Ұлылардың үндестігі», Гази университетінің оқытушысы, ғылым докторы Жәмиля Кынаджының «Қос құрлықтың сарындары: қазақ ақыны Жамбыл мен Анадолу ақыны Пір Сұлтан Абдал», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Г.Орданың «Ұлы Дала жыршысы», Жамбылтану және халық ақындары институтының директоры Б.Ыбырайымның «Жамбылдың әзілдері», Памуккале университетінің оқытушысы, ғылым докторы Нергис Бирайдың «Жамбыл Жабаев, туындылары және Өтеген Батыр дастаны» атты Жамбыл шығармашылығын кеңінен насихаттайтын ғылыми-зерттеу мақалалар мен эсселер енген. Материалдарды құрастырып, түрік тіліне тәржімалаған белгілі қаламгер, «Серпер» сыйлығының лауреаты М.Отарбаев. Журналдың редакторы көрнекті түрік ақыны Али Акбаш.

Дәулетбек Байтұрсынұлы