Т.Рысқұлов ауданында «Biz birgemiz» акциясы өтуде
Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақ елінде кең өріс алған «Biz birgemiz» акциясы Т.Рысқұлов ауданында да қарқынды түрде жалғасын табуда.
Осыған дейін аудан аумағындағы көмекке аса мұқтаж жандар тізімі нақтыланып, ауылдық округ әкімдіктерімен анықталды. Аудандағы жергілікті демеуші азаматтардың көмегімен 400-ге жуық отбасыны азық-түлікпен қамту шаралары, түрлі қоғамдық қорлардың бастамасымен қайырымдылық шаралары, акциялар ұйымдастырылды.
Кеше ғана аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ақтоған»ШҚ демеушілігімен 15 ауылдық округтен 150 отбасыға ұн,макарон өнімі беріліп, мұқтаж жандарға үйді-үйлеріне жеткізілуде.
Айтулы шараның бастамашысы аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасы Е.Садырқұлов барлық жомарт жандарға алғысын айтып, акция аясында ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды.Ерікті жастар мен әр ауылдағы жанашыр азаматтардың еңбегіне ризашылығын білдірді.
Бұл шарада аудандағы «Жастар ресурстық орталығы»КММ-не қарасты жас еріктілер корпусы мүшелері ерекше белсенділік танытып, жұмыстың сапалы орындалуына барынша атсалысты.
Аудан әкімі Е.Садырқұлов осындай шаралардың әлі де өз жалғасын табатынын,карантиндік режим уақытында елдің бірлігі мен ынтымақты тірлігі арқылы қиындықтан жол табуға болатынын жеткізді.
Осындай игі шаралар көбейе берсін.