Нұр-Сұлтан қаласының 230 мың-ға жуық тұрғыны 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды
Елордада 230 мың-ға жуық тұрғыны 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды. Аталған төлемді алуға бүгінге дейін 546 мың азамат өтініш берген.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің төрағалығымен өткен тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша қалалық штабтың отырысында айтылды. Штаб отырысында қайталанған өтиінімдер мен деректері дұрыс көрсетілмеген құжаттар түсіп жатқандығын талқыланды. Төтенше жағдай кезінде қаржылай көмекті бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, бір жылдан бері декреттік демалыстағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер де алады. Әлеуметтік көмекті алушылар бұл уақытында жасалған және қажет шаралар екенін айтуда. Қалалық жеке медицина клиникаларының бірінің директоры Еркін Адаспаев карантин кезінде жұмыссыз қалған азаматтар үшін әлеуметтік көмек, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер уақытылы көрсетілгенін атап өтті. «Қызметкерлер кәсіпорынның тоқтап қалуына байланысты әлеуметтік төлемдер алады. Бұл ретте өтінімдерді қабылдап, өңдейтін мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын атап өткім келеді. Менің білуімше, олар демалыссыз, түнге дейін жұмыс істейді. Сондықтан оларға ерекше алғыс», – деді Е.Адаспаев. Бұрын хабарланғандай, қала тұрғындары әлеуметтік төлем алуға өтінішті «Электронды үкімет» веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы онлайн-режимде бере алады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі