Нұр-Сұлтанның белгілі педагогтары хореография мен әннен онлайн сабақ беруде

Балаларға сольфеджионы меңгеруге гаджеттер мен арнайы бағдарламалар көмектесуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Ондаған бала би мен ән үйірмесіндегі сүйікті оқуын онлайн режимде жалғастыруда. Карантинге дейін олар Бейбітшілік және келісім сарайына барып оқыды. «Екі бағыт – хореография және хор бойынша оқытып, балалар шығармашылығын дамытудамыз. Сондай-ақ, бізде «Өскелең ұрпақты төзімділікке тәрбиелеу»атты жаңа бағыт бар», – дейді «Туған жер» балалар студиясының жетекшісі Яна Чигарькова. Балаларға ән мен биді үйренуге гаджеттер мен арнайы бағдарламалар көмектесуде. «Күн сайын біз «Туған жер» студиясының инстаграм парақшасында хореография бойынша тікелей эфир жүргіземіз. Күн сайын сабақты біздің оқушыларымыздан басқа 60-тан 100-ге дейін бала көреді», – деді Чигарькова. Сол сияқты ән сабағы жүруде. Оқытушылар нота бойынша тапсырма береді. Оқушылар орындаған тапсырмаларын мессенджер арқылы жібереді. Педагогтар мұндай форматтағы сабақ сыныптағыдан еш кем түспей, балалардың қалыптасқан дағдысын сақтауына мүмкіндік беретінін айтуда.

 

 

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі