Жамбыл облысында коронавирус ауруының жаңа жағдайы анықталды
22 сәуір күні Тараз қаласында коронавирус оқиғасының жаңа дерегі тіркелді.
⠀
Облыс орталығының 30 жасар тұрғыны бұған дейін инфекция жұқтырған әріптесімен жұмыс орны бойынша байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарда оқшауланған.
⠀
Алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға жатқызылды.
⠀
Үй ошағы бойынша бір байланысқан тұлға анықталып, зертханалық зерттеу үшін талдаулар алынуда. Ошақтарда эпидемияға қарсы тиісті өңдеу шаралары атқарылды.
⠀
Жалпы, 22 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 77 жағдайы тіркелген десек, оның ішінде Тараз қаласында — 25, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында — 33, Меркі ауданында — 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсінің жолаушылары арасынан алты оқиға, теңіздегі вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында екі оқиға анықталды.
Жамбыл облысы әкімдігі