Ақша жинаудың 8 тәсілі және кедейлікке бастайтын 9 әдет
Ислам ғұламаларының пайымдауынша, адам баласы дүниеге келген сәттен-ақ оның кедей не бай болатынын Алла Тағала пешенесіне жазып қояды. Әрине, алдымыз да, артымыз да бір Аллаға бұрыннан аян. Бірақ, кедейліктің де, бай болып шалқып өмір сүрудің де уақытша сынақ екенін ұмытпауымыз керек. Жақсылық пен жамандық Адам ата (а.с.) өмір сүрген дәуірден бері күресіп келе жатқаны секілді, сараңдық пен жомарттық та қияметке дейін адамдарда болатын өшпес қасиеттерден. Тиісінше адам шектен тыс жомарт болса кедей болып қалу қаупінің бары белгілі. Ал, біз ақша жинаудың 8 тәсілі мен кедейлікке бастау ықтималдығы жоғары зиянды 9 әдетті жіпке тізіп көрген болатынбыз.
Ақша жинаудың 8 тәсілі
1. Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да Сіз ақшаны жамандамаңыз. Бұл Сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақшам жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, Сізден ақша қашады. Керісінше, Сіз «Мені ақша жақсы көреді», «Күннен – күнге менің қаражатым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қымсынбаңыз, қорықпаңыз.
2. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара күнге» деп жинамаңыз.
3. Ақша жинауда, оны ұсатып жұмсауда бай адамдардың психологиясын зерттеңіз, соларға еліктеңіз. Өзіңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұны қарапайым адамдардың тыныс-тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз. Өзіңіздің бұл ісіңізді баюға психологиялық тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмірде ұсақ-түйектерге көп көңіл бөлмеңіз.
4. Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал болыңыз. Ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғанындай, біреуге артық ақша бермеуді, біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, Сізге артық ақша қайтарса, немесе бір затыңызды сатып алушы құнынан артық ақша ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағанды ақша ұнатпайды.
5. Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңалықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар Сізді жаңа табыстарға жетелейді.
6. Ақша – үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыптылықты жақсы көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды дұрыстап тұрып салыңыз, әмияныңызды сыртынан сипап, оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз.
7. Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы. Байлықты сақтап қалу үшін қайырымдылық шараларына мол шығын шығарып, жаманшылықтың алдын алады, мешіт, медіресе, аурухананы өз қаржысымен салдырып, халыққа сыйға тарту – бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оны атын шығару үшін жасамау қажет.
8. Ақша өзіңді жақсы көруі үшін алдымен Сіз ақшаны жақсы көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүддеден жоғары қоймаңыз. Жетпей, таусылып, қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молаятынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы болмайтын, өзіне-өзінің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жалақы, сондай ақша жетеді», — деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді жауып тастамаңыз. Табысыңыз өз қажеттілігіңізден артылып жатса, қайырымдылық жасаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді.
Кедейлікке бастайтын 9 әдет
1. Өз-өзін аяушылық
Кедей болатын адамдар өздеріне үнемі аяушылықпен қарайды. «Менің пешенемде бай болу жазылмаған, тағдыр тым қатал» деумен өздерін өздері алдап жүреді. Әрине, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өзіңіздің іс-әрекетіңізге рухани-адамгершілік тұрғысынан баға беріп, көп күш жұмсағанша, өзіңізді аяу — тамаша әдіс. Әсіресе, кедей болуға ұмтылсаңыз.
2. Сараңдық
«Жеңілдігі» бар ғана тауарды іздеу, «Жаппай сатылымдардан» қалт қалмау, өз баласының сапалы білім алуына ақша аяу, жеке фирмасының қызметкерлеріне неғұрлым кішкентай сомаға көбірек жұмыс жасату — кедейлік жолындағы екінші әдет.
Ал бай болатын адам әр заттың тиісілі құнын төлейді және өзінің көмекшілерінің еңбегін лайым жоғары бағалайды.
3. Ұнатпайтын іспен шұғылдану
Мамандықты дұрыс таңдай білген адам өз ісінің шебері бола алады. Әрине тапжылмай еңбектенсе. Ал егер Сіз өзіңізге ұнамайтын жұмыспен айналысып жүрсеңіз? Онда Сіздің еңбек жолыңызда кедергілер кездесе бермек, себебі Сіз үшін жұмыс жай күнелту, ақша табу. Сіз жұмысыңыздан рухани күш ала алмасаңыз, онда кедейліктің тағы бір әдеті бойыңызда бар деп біліңіз.
4. Жұмыс жемісін тек ақшамен өлшеу
Қолына ақша түссе ғана қабағы ашылып, бақыт құшағында жүретін адамдар — нағыз кедейлер. Табысты адам өз бақытын басқа құндылықтармен өлшейді. Кім қандай құндылықты таңдайды — әркімнің өз еркі.
5. Ақшаны босқа шашу
Банкке кредит алуға барсаңыз, күлімдеп тұрған банк қызметкерлері Сізді қарызға батыру үшін барлық мүмкіндікті оп-оңай жасап бере алады. Бірақ табысты адам кәсібін кеңейту мен мақсатсыз шығын арасын ажырата алады.
6. Әп-сәтте пайда көру
Әп-сәтте бірден молынан пайда көріп қалу — тек қана кедейлерге тән қасиет. Кедей болатын адам алпауыт компанияларға жұмысқа орналасқан кезде, бірнеше жылдан кейін қол жеткізетін мүмкіндіктерінен гөрі бір айдан кейін алатын айлығы туралы көбірек ойланады.
7. Шағымдану
Заман қиындап барады. Адамдар бұзылды. Қайда барсаң да жемқорлық, танысың болмаса, жұмыс таба алмайсың — бұның барлығы табысты болуды көздейтін адамның аузынан шығатын сөз емес. Ал, керісінше, сәтсіздікті серік еткен бейбақ бұл пікірмен бірден келіседі. Дей тұра, аталмыш әдетке дауа бар ма? Ия, ол — креативтілік.
Қоршаған ортаның келеңсіздіктерімен күресудің креативті, жаңа жолдарын іздестіруден жалықпаңыз. Кез келген жағдайдан барынша жеңімпаз болып шығуға тырысыңыз.
8. Өзін басқалармен салыстыру
Серік өзін басқалардан мықытымын деп ойлайды, себебі ол мектепті алтын белгіге бітіріп шыққан жалғыз түлек. Берік өзін басқалардан кем санайды, себебі ол жазғы демалыста жұмысқа орналса алмады. Ал Айжан өзінің құрбысына жыны келеді, себебі оның құрбысын ұнататын жігіттер көбейіп барады. Осылардың барлығы — кедей болатын адамдардың сегізінші әдеті.
Рухани жан әлеміңізге сыртқы ортаның билік құрғанынан абай болыңыз!
9. Байлықты ақшамен теңестіру
Шынайы бай адамдар бақыт пен ақшаның арасына теңдік қоймайды. Нағыз байлық — есебіндегі миллиондар мен миллиардтар емес. Бай адам үшін — нағыз байлық оның өмірлік позициясы, жаңа кәсіп көздерін ашу, жаңа жобалар арқылы өзінің мүмкіндігін тағы бір сынға салып, сол сыннан сүрінбей өту.
Дереккөз: «Жақсы» ақпараттар сайты және «Жастар» рухани порталы