«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 5 ӘЛЕУМЕТТІК ОБЪЕКТІ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ АУЫЛДАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖҮРГІЗУГЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Әлібекова Марина мәлім етті.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының мақсаты – ауылдағы өмір сапасын жақсарту, ауылдық жердегі инфрақұрылымды жаңалау, оларды Аймақтық стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.
Экономика министрлігі ауылдарды осы жобаға қосу үшін параметрлерді анықтады.
Олар:
· халық санының өсу динамикасы;
· халықтың жұмыспен қамтудың өсу динамикасы;
· ірі елді мекендерге алыс-жақындығы;
· мал және егін шаруашылығы көрсеткіштерінің өсу динамикасы;
· ТОП туристік аймақтар жақындығы;
· ел қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бойынша көрсеткіштер.
Жалпы алғанда, даму үшін потенциалы бар және халық саны көп 28 перспективалы ауылдық елді мекен жобаға енгізілді.
Жоба, аудан орталығы болып табылатын 3 ауылда 2019 жылы іске асырылып бастады. Олар – Маңғыстау, Бейнеу және Шетпе ауылдары (ҚР бойынша – 53 ауыл , 30 млрд. теңге).
2019 жылы 24 жобаны іске асыруға 1,4 млрд.теңге бөлініп, игерілді (республикалық бюджет – 1 204,6 млн. теңге, жергілікті – 173,7 млн. теңге).
4 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі жөнделді. Олар – Шетпе ауылындағы Берекет Жұмалиев атындағы орта мектеп ғимаратын және 300 орындық Мәдениет үйін және Маңғыстау ауылындағы жастар ресурстық орталығын ағымдағы жөндеу және орталық кітапхана құрылысы;
7 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі. Олар –Маңғыстау ауылындағы 4 учаскенің көшелеріне жарық тарту және Бейнеу ауылының көшелеріне газ құбырын салу жұмыстары;
3 ауылдағы көлік инфрақұрылымының жалпы ұзындығы 38,2 километр болатын 13 объектісі.
Барлық объектілер мерзімінде аяқталды.
2020 жылға арналған бюджетте «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында басында 1,6 млрд.теңге қаралған болатын (республикалық бюджет – 1 387,4 млн. теңге, жергілікті бюджет -215,6 млн. теңге). Сәуір айында қосымша 2,5 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде, биылға арналған жалпы көлем 4,1 млрд.теңгені, оның ішінде республикалық бюджет сомасы 3,8 млрд. теңгені құрады.
7 ауыл бойынша (Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық, Рахат, Шетпе ауылдары) 33 жобаға, соның ішінде:
— 5 әлеуметтік объекті құрылысына және ауылдардың инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге – 1,5 млрд. теңге;
— ауылішілік жолдарды салуға және орташа жөндеуге – 2,6 млрд.теңге бөлінеді. Барлығы – 32,2 км. жол салу және 54 км. жолды жөндеу.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ