ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ТОЛЫҚ ЖАРАҚТАНҒАН
Кеше ғана әлеуметтік желілерде Ткачев 18 мекен-жайына шақыртылған жедел жәрдем қызметкерлері қорғаныш құралдарынсыз болғаны туралы ақпарат тарады. Артынша бұл ақпарат желілерден ізім ғайып жоғалып кетті. Соған қарамастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің, соның ішінде «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары жедел жәрдем станциясында тексеру жүргізді.
Сол күні жедел жәрдеммен жеткізілген пациенттің дене қызуы жоғары болған. Белгілі болғандай ол адамнан коронавирус анықталды. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жазбаша мәлімдеме жасап, медициналық қызметкерлердің барлық әрекеттері мен жабдықтары шақыру картасына, нұсқаулықтарға және пандемия жағдайындағы іс-әрекеттер алгоритміне қатаң сәйкес болған, дейді.
Ирина Мищенко, облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:
КВИ ошағына шақыртуға баратын бригада мамандары басқалардан бөлек тұрады. Олар бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қорғаныш құралымен толық қамтамасыз етілген. Шақырудан келген соң залалсыздандырудан өткізіледі.
Сол күні шақыруға шыққан жедел жәрдем бригадасы сүзгі бетперде, бас киім, халат, қолғап, бахилалар мен көзілдірік пайдаланған. Осындай жеке қорғаныс құралдары КВИ табылған науқастан медицина қызметкерлерін оқшаулануын қажет ептейді, делінген.
Александр Шидловский, жедел жәрдем бригадасының фельдшері:
Біз барлығымен жабдықталғанбыз, бізде бәрі бар. Жеке қорғаныш құралдары да жеткілікті. Оттегі беретін апарат, басқада қондырғылар. Қысқасы кез келген төтенше оқиға болсын шақыртуға барған кезде қажетті жабдықтармен және қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілгенбіз.
Дегенмен, науқаста КВИ анықталғаннан кейін, қауіпті жою үшін, шақырым қабылдаған барлық медицина қызметкерлерінен коронавирусқа тест алынды және олар оқшауланды. Ал, әлемжелідегі жазбадан кейін «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары жедел жәрдем станциясына тексеру жүргізді.
Ризабек Исабеков, «Еrtis — adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі:
«ERTIS — ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесі әлеуметтік желіде тұрғындарды толғандырған жазба орай бірден әрекет етіп жедел жәрдем станциясына келдік. Алайда, мына жердегі көріністерден кейін ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік. Оны осындағы қызметкерлердің бірі жазыпты. Мұнда қауіпсіздік шараларының барлығы да сақталғанын көрдік.
Бүгінгі таңда өңірдегі жедел-жәрдем станциясында заманауи қондырғылармен жабдықталған 110 автокөлік бар. Олардың жетпіске жуығы облыс орталығында қызмет көрсетеді.
Есенбек САНАТҰЛЫ