ҚЫЗҒАЛДАҚ ҚЫРДА ЖАЙНАДЫ

КОРОНАВИРУС- АДАМЗАТТЫҢ ҚҰРСАУДАҒЫ ҚОРҒАНСЫЗ ҚУЫРШАҚ  ЖӘНЕ  ҚОЙ СЕКІЛДІ ҚҰРБАНДЫҚ ЕКЕНІН КӨРСЕТТІ.

   АВТОР

 

Қазақтар неге гүл сыйламаған

Құлыпқа түсті саналы тірлік  сарғайды,
Жүрегі құрғыр сезініп болды бар жайды.
Секемшіл екен дәуірдің ала қанаты,
Ой менен ниет «ойыншыларды» қарғайды.

Боздауын қара боз ала таңның ақ тамақ,
Қабағы қату, заманның зілі батпан- ақ.
Көлбеген жауға ермеген байғұс кінәлі,
Көрінбес дерттің есімін бәрі жаттап ап.

Көктемі келді қызғалдақ қырда жайнады,
Неткені мынау, шектеді бәрін,байлады.
Онсыз да анау тордағы торғай қор еді,
Көңілдің төрін, өмірдің шері жайлады.

Ақша бұлт көрдім әжемнің тартқан жаулығын,
Атам боп үнсіз үгіліп бітті тау бүгін.
Қарғалар ұшып қарқылдап күліп жөнелді,
Тізбегі сынды халыққа қарсы қаулының.

Сабыр Адай
22.04.20ж.