Сәресі ішу – парыз емес.

Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн.


Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді», — делінген.

 Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекелі уақыт.

Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі.

 Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі, сәресі жеу – Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті.

Сәресіге тұрған кісі артынша сәре уақыты шықпай тұрып тәһәжжуд намазын оқып, Раббысына мінәжат етсе нұр үстіне нұр.