ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Еліміздегі коронавирус індетінің алдын алу мақсатында жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 10 ірі базар өз жұмысын тоқтатқан болатын. Қазіргі таңда ауданда бір ғана «Иман» ЖШС-нің базары мен «Арзан» маркеті азық-түлікті жеткізу беру қызметімен айналысуда.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков және ауданның бас полицейі Бауыржан Зиятаев аталған сауда орындарын аралап, азық-түлік қоры мен баға тұрақтылығына және ондағы төтенше жағдай талабына сай тәртіп пен тазалықтың сақталуын тексеріп шықты.
Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әбдібек Зиятайұлы бүгінде ауданда 1 айға 32 түрлі қажетті яғни, жеке кәсіпкер қоймаларындағы және сауда орындарындағы азық-түліктің жалпы қоры – 12,9 мың тоннаны құрайтынын айтты.

 

 

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 9 тауар түріне шекті баға бекітілген. Ұласбек Сәдібекұлы сол тізімде бекітілген аса қажетті азық-түлік тауарларын тұтынушыларға шекті бағадан асырмай сатуды ескертті.
Бұдан бөлек, сауда орындары мен дүкендерде күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Ал сатушыларға арнайы киім мен қолғап киіп, қызмет көрсетпеген жағдайда, сондай-ақ, сатып алушыларды үш адамнан артық кіруіне жол берсе, айыппұл төлеп, дүкендерінің жабылатыны ескертілген.

 

 

Тәртіп бойынша, тұтынушылар 1-1,5 метр қашықтықты сақтау тұруы тиіс, бұл туралы жұмысшы топ аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі