COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2 АЗАМАТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
27 сәуірдегі соңғы мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 2 азамат тіркелді.
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылының 1936 ж. тұрғыны мен Ордабасы ауданы, Бадам станциясының 1994 ж. тұрғынынан COVID-19 инфекциясы расталды.
Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталуда.
Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.
Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны — 109.
Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-9, Кентау қаласы -9,
Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-5, Арыс қаласы -17, Түркістан қаласы-13, Бәйдібек-2, Сарыағаш -16, Қазығұрт – 7, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі