Дәйекті әрі дер кезінде қабылданған шешім – елорданың ардагерлер кеңесі

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы ТЖ режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Мемлекет басшысы оны бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы екенін және елде COVID-19 вирусының шарықтау шегіне әлі жетпегенімен түсіндірді. Қазақстан Президентінің мәлімдемесімен ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңестің мүшелері толық келісіп, қолдайды. «Дұрыс шешім, қолдаймыз. Адамдар санитарлық-гигиеналық талаптар мен карантинның ережелерін сақтауды үйренді. Бақылауға ала отырып, кәсіпорындардың, әсіресе шағын және орта бизнестің жұмысын кезең-кезеңмен бастауға болады», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Әріптесінің сөзімен Алматы аудандық ардагерлер кеңесігің «Ақбұлақ» ардагерлердің бастауыш ұйымының төралқасы Нәсіпжан Бетекбаева да келіседі. «Президенттің халыққа жасаған мәлімдемесі өте сенімді, түсінікті және мазмұнды. Үкіметтің қандай шараларды қабылдап жатқаны нақты көрсетілген. Карантин аяқталған соң, көптен күткен туған-туыстарды көруге болады», — дейді Нәсіпжан Хайроллақызы. Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Леонид Те коронавирус инфекциясының таралуының куәгері болды, өйткені өзі денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. «Карантинді 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешімді орынды әрі уақытылы қабылданған деп есептеймін. Әрине, әлеуметтік наразылықты түсінемін, алайда бұл қажеттіліктен туындап отырған шара», — дейді Леонид Иннокентьевич. Қазақстанда ТЖ режимі 16 наурызда жарияланды. Осы аралықта 4 миллион 250 мың адам қаржылық көмекке ие болды. 570 мыңнан астам адам азық-түлік жиынтығын алды. 1,1 млн қазақстандықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен құрылған Birgemiz қорынан қаржы бөлініп жатыр. Nur Otan белсенді жұмыс істеуде. Бұған қоса, елімізде 1,6 млн адам сәуір-мамыр айларында коммуналдық төлемді төлеу үшін мемлекеттен көмекке ие болады. Сондай-ақ 1, 6 млн азамат пен 11,5 шағын және орта бизнес нысаны жалпы сомасы 360 млрд. теңгеге несиесі мен қарызын кейін төлеу мүмкіндігіне ие болды.