ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНАН ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕРГЕ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Caspiy Operating» ЖШСнын басшысы Пiрiмқұлов Әділет мәлім етті.
Облыста жарияланған төтенше жағдайға, сондай-ақ карантиндік шараларға байланысты, қалдықтарды жинау жөніндегі ұйымдардың қызметін қазіргі уақыттағы себептерге байланысты іске асыру қиындық туғызуда. Клиенттердің төлем қабілеттілігі — Ақтау қаласы тұрғындарының көпшілігі және заңды тұлғалардың төлем қабілеттілігі төмендеген. Мұндай күрделі жағдай туындаған кезде, жанар-жағармай материалдарын уақытылы сатып алу, қызметкерлерге еңбекақы төлеу, сонымен қатар, кәсіпорынды қысқарту және басқа міндеттемелерді орындау мүмкін емес болып отыр. Қалдықтарды үздіксіз жинауды тоқтату, өз кезегінде, халықтың денсаулығына және жалпы санитарлық-экологиялық жағдайына қауіп төндіретіні белгілі.
-Карантиндік жағдайда кәсіпорынның жұмыс істеуі, қауіпті жағдайларда жұмыстарды орындау, арнайы техника мен контейнерлік алаңдарды дезинфекциялау құралдарымен қосымша өңдеу үшін, эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету үшін, Сізден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму бойынша қызметтер үшін берешекті төлеуіңізді сұраймыз. Ай сайын жинақталған берешек жөнінде мәліметі бар төлем құжаттары клиенттерге жеткізіліп тұрады. Сонымен қатар, жиналған берешекті клиенттер бөліп төлеу мүмкіндігі бар, — дейді «Caspiy Operating» ЖШС-ның басшысы Әділет Пiрiмқұлов.
«Caspiy Operating» ЖШС басқа да коммуналдық, тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар сияқты борышкерлерге әсер ету, яғни электрмен жабдықтауды ажырату, су беру және т.б. жолдарымен берешекті қайтаруды, сотқа жүгінуден басқа, жүзеге асыра алмайды. Осыған орай, сала мамандары аталған мәселеге тұрғындардан үлкен жауапкершілікпен қарап, орындауларын сұрайды.
Тұрғындар төлемді келесі банк бөлімшелерінде және интернет-банкингтер желісі мен қосымшаларында жүргізуге болады: Каѕрibank, ForteBank, Homebank.kz, Цесна банк, Еуразиялық банк, Казпочта, Касса24 және QIWI терминалдары (әрбір азық-түлік дүкенінде орналасқан).
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ