ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ ЖАСТАРЫ ӨЗ ҚАРАЖАТЫНАН АҚША ЖИНАП, МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ
Түркістан облысы Төлеби ауданының еріктілері жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде бірқатар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты. Студенттерден құрылған жомарт жандар мұндай игі іс атқару үшін өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті тұтынатын азық-түлік алған. Атап айтқанда, себетте ұн, макарон, күріш, қарақұмық, сұйық май, шекер және басқа да тауарлары бар.
Ерікті жастар алдағы уақытта да сауапты іс жасауға ниетті азаматтардың басын қосып, тағы да мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуды жоспарлап отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі