МО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, Маңғыстау өңірінде карантин режимі енгізілген күннен бастап медицина қызметкерлерінің жұмысы қиындай түскені өздеріңізге мәлім. Бұл ретте, өңірдегі жомарт жандар ақ халатты азбал жандармен бірге екендігін көрсетіп, дәлелдеді. Әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері өздері қолдау крсетуге ниет білдіріп, азық-түлік, гигиеналық заттар, медицина қызметкерлеріне қажетті арнайы киімдер және тағы басқа қажетті заттар сатып алып берді.

Маңғыстау облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен «Covid-19» індетімен күресіп жатқан медициналық ұйымдарға 428 дана қорғану костюмдері берілген болатын. Оның 249 данасы жедел жәрдем қызметіне, 154 данасы Маңғыстау облыстық ауруханасына, 25 данасы облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне берілді. Сонымен қатар 38 қорғану көзілдіректері, 486 халаттар, 10 тепловизор тағы бар. Облыстық инфекциялық аурухананы жөндеуден өткізуге ықпал етті.

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі 10 дана пульсо-ксиметр сатып алып берді.

Біріккен Араб Әмірлігі гумманитарлық көмек қолын созды. 532 дана комбинезон, 560 дана қорғау киімдері, 10500 дана қолғап, 1120 бахила, 210 санитайзер.

«Али Баба» компаниясы «ZHENDE» фирмасы шығаратын 200 дана қорғаныш костюмдері, 10.000 дана «KINGSTAR» және 1980 дана «YUNDA» фирмасы өндіретні адамның бетін қорғайтын бетперделер, 290 дана «DJM» қорғаныш бетпердесі, 8 дана термометр бөлген болатын.

СУАР Үкітемі де шет қалмады. Қорғаныш костюмдері, бетперделер, капсулалар, грануралар, дәрілер беріп жіберді.

«NCOC» компаниясы «Вираж» автосалонынан Газель маркалы су жаңа 3 автокөлігін табыстады. Оның әр қайсысы 17 млн теңгеден тұрады. Алдағы уақытта «NCOC» компаниясы тағы да қолдау көрсетуге ниет білдіріп отыр.

Сондай-ақ, санитарлық автокөліктерді жөндеуден шығаруға көмек қолын созған жергілікті кәсіпкерлерді де атап өтуіміз керек. Барлығы 50-ге жуық қажетті бөлшектер беріліп, бұзылып тұрған темір тұлпарлар қайта жолға шығып, бүгінде шақыртуларға барып жүр.

Сонымен қатар инфекция бөлімшесіне, обсервацияның медициналық қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, облыстық мәслихатының депутаты Абат Өрісбаев, «Іскер әйелдер қауымдастығы» облыстық филиалының жетекшісі, «Престиж» мекемесінің басшысы Ирина Беляева, «Ак-Нек» ЖШС-нің директоры Зарета Фаталиева, жеке кәсіпкер Шамрад Тлеубаев, «BIO WATER GROUP» директоры Олжас Әлмереков, «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысы, «Nomad» компаниясы, Иманғазы Ибатұлы бастаған «Бір адамдар – біз біргеміз» қайырымдылық қоры, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және т.б. жанашыр жандар барынша қолдау көрсетіп, бірінші қажеттіліктерді жеткізуде.

Мәселен, «General Equipment Qazaqstan» ЖШС директоры Нұрболат Айтуаров ақ халатты абзал жандарды ыстық тағаммен қамту үшін өз есебінен 430.000 мың қаражатын шығарған.

Осынау қиын кезде көмек қолын созған барлық жомарт жандарға алғысымыз шексіз.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, коронавирустың қаупі жоғары екендігін тағы бір еске саламыз.

Бұл вирус:

· 65 жастан асқан адамдарға;

· бес жасқа дейінгі балаларға;

· жүкті әйелдерге;

· иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.

Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.

Covid-2019 симптомдары:

Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береміз:

· дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;

· құрғақ қатты жөтел;

· бастың ауруы;

· кеуде тұсының ауруы;

· ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;

· жүрек қағысының жиілеуі;

· пневмония;

· безгек;

· мұрынның бітуі;

· фарингит;

· диарея.

Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беруіңізді сұраймыз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілу керектігін тағы бір еске саламыз.

МО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ