ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 18000 ГЕКТАРҒА МАҚТА ДӘНІН СЕППЕК
Сондай-ақ, ауданның негізгі дақылы саналатын мақтаның көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 5704 гектарға қысқарып, оның орнына дәндік дақыл және мал азығы саналатын егістік түрлері егілмек.
Қазіргі таңда ауданда 45531 гектар жер толығымен айдалып біткен. Көктемгі дала жұмыстарына 24 дана К-700 тракторы, 36 дана Т-150, 1092 дана МТЗ-80,82 тракторлары, 39 дана ЮМЗ, 110 дана ДТ-75, тракторларымен қатар 998 дана тіркеме, 978 дана тырма, 36 дана дән сепкіш, 47 дана бүріккіш және тағы басқа ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.
Ал, бүгінге дейін аудандағы шаруаларға 2500 тонна селитра, 650 тонна аммофос, 450 тонна сульфат аммоний, 110 тонна карбамид таратылып берілген.
Сондай-ақ, «Нимэкс», «Мырзакент» ЖШС-гі шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алды.
Бұдан бөлек, техникаларға қажетті дизель отынын жеткізу жұмысы толыққанды ұйымдастырылуда. Бұл бойынша үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп отыр. Сонымен қатар, шаруаларға жеке кәсіпкерлер мен операторлар тарапынан дизель отыны жеткізілуде.
Ауданда суармалы жерлерді ылғалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ауыл округтерінде орналасқан агро құрылымдар тарапынан «Казсушар» РМК ТФ филалымен ағын су алуға келісім шарттар жасалынған. Қазіргі кезде сұранысқа сәйкес Қызылқұм магистралды каналы арқылы (КМК) 10 м3/сек ағын су босатылуда. Бүгіннің өзінде 28559 гектар жер ылғалдандырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі