ТҮРКІСТАН: РЕСЕЙДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕН СТУДЕНТТЕР ЕЛГЕ ОРАЛУДА
Бүгінде «COVID-19» вирусының таралуын болдырмау мақсатында оның 11-і Шығыс Қазақстан облысы, 11-і Павлодар, 5-еуі Солтүстік Қазақстан облысы және 2-еуі Қостанай облысында оқшауланып, медициналық тексеруден өткізілуде. Әзірге 10 студенттің медициналық тексеру қорытындысы шығып, олардың індеттен таза екені белгілі болған. Қазіргі таңда толық тексеруден өткен студенттер Түркістан облысындағы өз үйлеріне жіберілген.
Мамандар жалпы Ресейде қазақстандық мыңдаған студент білім алып жүргенін айтады. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты барлық шәкірттер елге қайтарылуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі