МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА «BIZ BIRGEMIZ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Ел басына күн туғанда» – халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған азаматтар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім өз жұртының нағыз азаматы болып қала береді. Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуіне сәйкес қолға алынған «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында Мойынқұм ауданында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Партияның бастауыш ұйымдары, белсенділері, кәсіпкерлер, ерiктiлер бұл акцияға белсене қатысуда. Демеушілер тарапынан жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, көпбалалыларға және басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік азық түлік пакеттерді үлестіріп берiлуде. Жақсы адам қашанда жақсы істі жалғастыруды жаны сүйеді. Сол жақсы ісі халықтың игілігіне, қажетіне жарап жатса, халық сүйіспеншілігіне бөленгені деп түсінген жөн шығар. Қайырымдылық акциясы аясында барлығы 5 млн. 400 мың теңгеге 420 отбасына азық –түлікпен көмектер көрсетілді. Сондай-ақ індеттің таралуына байланысты қауіпсіздік үшін еріктілер тарапынан 9500 бетперде таратылды. Осындай игілікті шарадан Nur Otan партиясының белсенді мүшелері де тыс қалып жатқан жоқ. Қайырымды іске қол созу азаматтық парызымыз деп білетін жанашыр ағайынның барына аудан жұрты дән риза. Міне осылайша Үкіметтен бастау алған игілікті істі ауылдан жалғастыруға ниет білдіріп жатқандардың барлығы көңілімізге қуаныш ұялатты.